» » ҚАРМАҚШЫ: КЕЛБЕТІН ЕҢБЕКПЕН КӨРКЕЙТКЕН ӨҢІР

ҚАРМАҚШЫ: КЕЛБЕТІН ЕҢБЕКПЕН КӨРКЕЙТКЕН ӨҢІР

Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашовтың есепті кездесуіне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қатысты.Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасты. 2015 жылы аудан бюджеті 8 млрд 154 млн теңге болса, 2016 жылы 9 млрд 958 млн теңгеге жеткен. Былтыр ауданның қаржы тайқазанындағы жалпы сома 10 млрд 343 млн теңгені құрады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасында, одан бөлек негізгі салаларда оң өзгерістер байқалады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға, бизнес субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Өткен жылы қаржы ұйымдары 330 жобаны жеңілдетілген түрде несиелендірді. Оның 15-і «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Өткен жылдың 11 айындағы статистикаға сәйкес ауданда 4135 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңінен 125 процентке артық.
– Өнеркәсіп кәсіпорындарында 2 млрд 281 млн теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру үлесі – 96,7 процент. Өндірісті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін «Ақтөбе және К» серіктестігінің жылына 1500 тонна құс етін өндіруге қабілетті зауыт ашу жобасы бойынша құрылыс жұмысы басталды. Құны 1,9 млрд теңге болатын жобаға биыл «Байқоңыр» корпорациясы 558,6 млн теңге бөлді. Құрылысты жыл аяғына дейін бітіру жоспарланды. Бүгінде «МиР-2001» серіктестігінің құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы жобасын іске қосу жұмысы аяқталды. Биыл темір-бетон зауыты іске қосылмақ, – деді С.Мақашов.
Өткен жылдың қорытындысымен егіншілік саласында Қармақшы облыс бойынша «Озат аудан» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, «Ақтөбе және К» ЖШС «Үздік шаруашылық» атанды. Жергілікті жұрт негізінен мал бағып, егін егумен айналысады. Сала өкілдері мемлекет қолдауын анық сезініп келеді. Сөзіміздің дәлелі, былтыр шаруашылықтарға 709,7 млн теңге көлемінде субсидия берілді. Осындай қолдаудың арқасында диқандар ала жаздай тынбай еңбектеніп, нәтижесінде 14209 гектар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 59,5 центнерден өнім алды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны жиналды. Бұл – еліміз егемендік алған жылдар ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Аграрлық сектордағы маңызды жаңалық – аймақ басшысының Иранға сапары кезінде бірнеше келісім жасауы. Соның аясында «Ақтөбе және К» ЖШС 70 гектар жерге ирандық сортты егіп көрген еді. Нәтиже жаман емес. Биыл күріштің бұл түрі артығымен егілетін болды.
Мал шаруашылығы бағытындағы өзгерістер де көңіл қуантады. Аудан әкімі баяндағандай, 2017 жылы бұл салаға 53,9 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінде ауданда 14 кооператив құрылып, оның алғашқы 7-нің құрамына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 234 азамат мүше болып қабылданды. Кооперативтер ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 601 млн теңге несие алып, ет, сүт бағытындағы 3206 бас мүйізді ірі қара сатып алды. Әрқайсысы өздерінің отбасылық бордақылау алаңдарында жұмысқа кірісіп кетті.
Құрылыс та жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Былтыр Жосалыда 90 орындық 2 балабақша ашылды. Ал Иіркөл мен Төребай би ауылдарындағы балабақшалар осы бірінші жарты жылда салынып болмақ. Аудан орталығындағы балалар лагерінің құрылысы жыл соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта Төретам кентіндегі, Тұрмағамбет ауылындағы, Ақжар елді мекеніндегі, Жосалыдағы мектеп ғимараттарының жылумен жабдықтау жүйелері қайта жаңғыртылады. Автокөлік жолдарын жөндеуге де баса мән беріліп отыр. Былтыр «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автомобиль жолының 1 шақырымы жөнделді. Биыл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінен Жаңажол, Иіркөл, Төребай би ауылдық округтеріне және Төретам кентіне бағытталған жолдар орташа жөндеуден өткізіледі. 2018 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 32,4 млн теңге қаралды.
– Жыл көлемінде «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 1 млрд 8 млн теңге бөлініп, 7 елді мекенде 8 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 18 елді мекеннің халқы сапалы жерасты суын үзіліссіз тұтынып келеді, – деді аудан басшысы.
Байқоңыр, Төретам, Ақай халқының әлеуметтік жағдайы облыс әкімінің ұдайы бақылауында. Соңғы жылдарда Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссияларының күн тәртібіне аталған елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталған бірнеше ұсыныс қойылып, олар шешімін тауып та үлгерді. Байқоңыр қаласына газдың берілуі – соның нәтижесі. Жыл аяғында алғашқы шағын аудан тұрғындарына көгілдір отын берілді. Жұлдызды қалашықтағы ауданға қарасты 5 мектеп пен 1 балабақшаның жылу жүйелері газға көшірілді. Бұл бір жағынан бюджет қаражатын үнемдеуге сеп. Қалада облыстық медицина орталығы филиалының жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, қазақстандық емдеу орны Байқоңыр, Ақай, Төретам тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Биыл емхана ашылып, жұмысын бастайды.
Тәуелсіздік жылдарынан бері бірінші рет Байқоңыр қаласынан көпқабатты 5 тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл осындағы отандастарымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізері сөзсіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағына жалға берілген Төретамның іргесіндегі 11600 га жердің облысқа қайтарылуы маңызды жаңалық болды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету кәсіпкерлігін дамытуға, жерге сұранысты қанағаттандырып, олардың кәсібінің дамуына, жұмыс орындарының ашылуына көмектеспек. Ресей-Қазақстан үкіметаралық келісімдерінің соңғы нәтижелері Байқоңырдың екінші тынысын ашып, жергілікті тұрғындардың болашаққа сенімін жоғарылатты.
Білім беруді дамыту – мемлекетіміздің басты бағыты. Өткен оқу жылында 624 түлектің 79,17 проценті-і ҰБТ-ға қатысып, жалпы орташа көрсеткіш 82 балл болды. Нәтижесінде аудан облыс бойынша төртінші орыннан көрінді. Осы орайда 136 балл жинаған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәуренді мақтанышпен атауға болады.
Денсаулықтың басты шарты – салауатты өмір салты десек, 2016 жылдың басында тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 14107 адамға жетіп, бұл көрсеткіш аудан халқының 26 процентін құраған болатын. Өткен жыл аяғында көрсеткіш 27 процентке жетті. Жалпы, 152 спорттық жарыс өткізіліп, 12018 адам тартылды. Есепті кезеңде тұрғындардың аурушаңдық деңгейі төмендеді. Жалпы өлім-жітім 5,2-ден 4,5 процентке, нәрестелер өлімі 12,9-дан 8,7 процентке туберкулез деңгейі 51,9-дан 42,6 процентке төмендеді. Соңғы үш жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы 70,5 жастан 71,3 жасқа ұлғайды.
Аудан әкімі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттардың жүзеге асырылу жайына тоқталды. Бұл орайда «Киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне Шірік-Рабат қалашығы, Қорқыт ата кешені, Бәбіш мола қалашығы, Марал ишан мазары, Қалқай ишан кесенесі енгізілген. 2017 жылы Шірік-Рабат, Сортөбе қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі есепті кездесуде осы және алда атқарылатын шараларды орнықты ойларымен саралап берді.
Есепті кездесуде жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарылды. Күріш егісін суландыру, газдандыру ісін ілгерілету сынды ұсыныстар айтылды.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

26 қаңтар 2018 ж. 1 087 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 09:10
Tomar Propecia Alopecia Androgenetica Productos Con Finasteride Comprar Propecia Pharmaceuticals On Line al maximo kamagra Doryx Microdox Cialis Prezzo Confezione Order Secure Bentyl 20mg Medication In Internet

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031