» » » ЖҮЗ ЖЫРАУ ШЫҚҚАН МЕКЕНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

ЖҮЗ ЖЫРАУ ШЫҚҚАН МЕКЕНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі С.Мақашов ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады. Есепті кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.Бекпанов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов және аудан тұрғындары қатысты.
Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. Жалпы, Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы Қармақшы ауданы үшін табысты жыл болды. Соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасты. Салық түсімі ұлғайып, ауданның бюджеті өсті. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістік ауыз толтырып айтарлықтай. Ақ күріштен тау тұрғызған ауданымыз облыста «үздік» атанды. Өлкеде өндірілген өнімдер сыртқы елге экспорттала бастады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Елді мекендерде де ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы, соңғы үш жылда аудан тұрғындарының қажеттіліктерін өтеуге үлкен жұмыстар жүрді. Атап айтқанда, қармақшылықтар сапалы ауызсумен толық 100 пайыз қамтылды. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Балабақшамен қамту 100 пайызға орындалып отыр. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға су тоспалары салынды. Сондай ақ, Жосалы кентіндегі жыл бойы жұмыс жасайтын балалар демалыс лагерінің құрылысы мен аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы. Яғни, Қармақшы ауданында жүйелі жұмыстар жасалып, тындырымды тірлік бар. Мұның барлығы еліміздің Тәуелсіздігінің, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында екені даусыз. Осындай атқарылған жұмыстардың есебін жасаған аудан басшысы елдің ауызбірлігі болса, алдағы уақытта да ауданды көркейте беруге айшықты істер жасалатынын жеткізді.
Кездесуде аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізсе, аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан әкімінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
26 қаңтар 2018 ж. 1 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031