» » Байқоңырда қазақстандық дәрігерлердің еңбекақысы ресейліктермен теңестірілді

Байқоңырда қазақстандық дәрігерлердің еңбекақысы ресейліктермен теңестірілді

Бүгін Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «2009 жылғы қарашадағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, Байқоңырда Қазақстан азаматтарына медициналық көмекті көрсетуге қатысты шаралар осы кезде жеткіліксіз іске асырылуда. Осылайша, ресейлік медициналық ұйымдары ұсынған ҚР азаматтарына медициналық көмек Қазақстан аумағындағы тегін көмектің кепілдік берілген деңгейіне сәйкес келмейді. Еліміз азаматтары скринингтік зерттеулермен қамтылмаған.

 «Қазіргі кезде аталған ұйым (Байқоңырдағы облыстық медициналық орталық филиалы) шығынға тап болуда, себебі ол қанатқақты форматта жұмыс істеп тұр. Осы орайда, бұл ұйымды толыққанды іске қосу үшін біз құжаттың ратификациясын күтіп отырмыз. Ұйым филиалдан бөлініп, Байқоңырда бөлек ұйым мәртебесіне ие болады. Хаттама ратификацияланған сәттен бастап, біртіндеп аталған қызметтерді біздің медициналық ұйыммен көрсетілетін болады. Сәйкесінше, оның бюджеті өседі», - деді А. Цой.

 Оның атап өтуінше, заңнамада қарастырылғандай, Байқоңырдағы Қазақстан азаматтары барлық медициналық көмекті  алатын болады. Қазақстандық медициналық ұйымдардағы қызметкерлердің еңбекақы деңгейі ресейлік денсаулық сақтау мекемелерінің жалақысына теңестірілген. Бұл тұрғыда көптеген дәрігерлер ресейлік ұйымдардан қазақстандық ұйымдарға ауысуда. Мұнымен қоса, қазақстандық медициналық ұйымдарда қазіргі заманғы құрылғылар мен жабдықтар орнатылуда. Айта кетейік, бұл заң жобасы биыл маусым айында Парламент Мәжілісінде мақұлданған болатын.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, Байқоңыр тұрғындарында қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі жоқ. Қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын ҚР азаматтарына ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерімен медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 12 тамызында Байқоңыр қаласында Қызылорда облыстық медициналық орталығының филиалы пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар, 2018 жылғы қаңтардан бастап қалада 30 мың адамға қызмет көрсететін емхана ашылды. Қазіргі уақытта бұл емханаға 17 мыңнан астам тұрғын тіркелген. 2019 жылы операциялық бөлімді және жансақтау бөлімшесін ұйымдастыру мен хирургияны ашу жоспарланып отыр. Алайда Байқоңыр қаласының аумағындағы қазақстандық медициналық ұйымдардың қызмет көрсету құқығын бекіту - тек заңнамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға алып келмейді.  
syrboyi.kz


04 қыркүйек 2018 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031