» » "Кеселмен көп болып күрестік"

"Кеселмен көп болып күрестік"

Адам – жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Ал оның өміріндегі ең бағалы дүние не болуы мүмкін? Қымбат көлік, бағалы жиһаз, кең сарайдай үй, көп ақша не­ месе биік мансап болар. Бұлай ойласаңыз, қателестіңіз. Адам өміріндегі басты байлық – оның өмірі мен денсаулығы. Бақытымыздың оннан тоғызы деннің саулығына тікелей байланысты. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» дегендей, кешегі пандемия бізге көп нәрсені ұғындырды.Ғаламды жайпап, көпті даурықтырған індет төзімді сарқып, уайымды күшейткені рас. Осындай сәтте қауіппен қасқая күресіп, антына адалдық танытқан ол – ақ халатты абзал жандар. Олар бұл сәтте жұдырықтай жұмыла дертпен дамылсыз күресті. Солардың бірі, саналы ғұмырының 37 жылын ел саулығына арнаған ауданға қарасты Қармақшы ауылындағы фельдшерлік пунктің фельдшері – Айгүл Бөлекбаева. Ол – осы өлкенің тумасы. 1980 жылы №113 мектептен түлеп ұшып, Қырғызстандағы Ош облысы, Қызылқия қаласындағы медициналық училищесінде фельдшерлік мамандықты меңгереді. Аталған оқу орнын 1983 жылы аяқтап, туған мекенге оралады. Алғашқы еңбек жолы №4 фермада фельдшерлік қызметтен басталды. Одан кейін 1988-2000 жылдар аралығында Қармақшы ауылдық ауруханасында еңбек еткен. 2006 жылдан бері кезекші медбике, акушер, аға медбике сатыларынан өтіп, 2010-2017 жылдары дәрігерлік амбулаторияда меңгерушілік қызмет атқарды. Кейіннен ауылда халық санының қысқаруына байланысты аурухана тарап, фельдшерлікакушерлік пункт құрылады. Мұнда бүгінде 5 адам жұмыс істейді. – Елді дүрліктірген пандемия бізге де өз ауырлығын түсірді. Себебі арнайы көлігіміз жоқ. Алайда ел азаматтарының бірі – материалдық, бірі – қаржылай көмектескенінің арқасында бұл қиындықты да еңсердік. Бұл ретте «Қармақшы» ЖШС директоры Қанибай Айтымбетов, жеке кәсіпкер Тұрабай Кадиров, ұстаз Сәкен Жақыпов, клуб меңгерушісі Бимұрат Смайловты ерекше атап өтуге болады. Пунктке келе алмаған науқастарға үй аралап жүріп ем жасадық. Өзара келісіп, кезекшілік тәртібімен демалыс күндері де жұмысты тоқтатпадық. Себебі біз үшін ең бастысы – тұрғынның саулығы. Осындай сәтте айта кетерлігі, әлеуметтік желінің көптеп көмегі тиді. «WhatsApp» желісінде тұрғындарға арналған чат ашылып, қажетті үйге бару үшін ерікті түрде өз жеке көліктерін ұсынды. Күніне 20 шақты адам ем-дом алып отырды. Жалпы пандемия кезінде ауылдан 130-ға жуық адам дертпен бетпебет келіпті. Аллаға шүкір, адам шығыны болған жоқ. Бірліктің, жанашырлықтың, ұйымшылдықтың арқасында бұл кезеңнен де өттік. Қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеген ауылдастарға алғысымыз шексіз, – дейді Айгүл Ералиқызы. Медицина саласын жанына серік еткен ақ халатты жолдасы Болатбек Жүсіпбаевпен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Барлығы жоғары білімді мамандар. Үлкен ұлы Алматыда жеке кәсіппен айналысса, кішісі ата салтымен қарашаңырақта қалып, туған жерде еңбек етуде. Ал қыздары жоғары оқу орындарының ұстаздары. Кейіпкеріміз – төрт немере сүйіп отырған бақытты әже. Ұзақ жылдық еңбегіне, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлесі, мінсіз адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай төсбелгімен марапатталған. Алайда «маған марапаттан гөрі, жерлестерімнің шынайы алғысы мен күлімдеген жанарының өзі жеткілікті» дейді білікті маман бізбен әңгімесінде.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 қараша 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031