» » ІІ тоқсан қалай оқытылмақ?

ІІ тоқсан қалай оқытылмақ?

Ғаламды жайпап, әлемді дүрліктірген індеттің лаңы әлі де басылмады. Көктемнен бері ел көңілін алаң еткен пандемияның екінші толқыны күтілуде. Ал өзге елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырудың екінші кезеңі басталып та кетті. Қазақстанда індеттің алғашқы деректері тіркеле бастағаннан, төтенше жағдай жарияланып, оқушылар көктемгі демалысқа бір апта ерте шыққан еді. Одан кейін, елдегі ахуалға орай төртінші тоқсан қашықтан оқытылды. Бұл ұстаз, оқушы, ата-ана үшін де үлкен жаңалық болды. Алайда, ұстаздар қауымы екі еселенген жұмысты еңсеріп, жаңалықты жатсынбай қабылдап, оқу жылын аяқтаған болатын. Қанша жанды бауырдан, елдің жақсы-жайсаңы мен талай арыстан айырған дертпен тынымсыз күресіп жаз айлары да өте шықты. Індеттің ауылы алыстамағандықтан оқушылардың басым бөлігі жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыды. Бұл кезеңде ата-ананың өтініші бойынша кезекші сыныптар жасақталып, бастауыш сыныптың негізгі пәндері дәстүрлі оқытылды. Бұл туралы газеттің өткен сандарында жазған болатынбыз.
Елімізде өткен айларда індет жұқтырушылар саны азайғанымен, жақын күндері дертке шалдыққандар күрт көбеюде. Сондықтан әлі де сақтық шарасын сақтау аса маңызды болып тұр. Осы ретте оқушылардың ІІ тоқсанды қалай оқитыны жөнінде білім саласы мамандарынан сұрап білдік. Сонымен, ІІ тоқсан қалай оқытылмақ?
– Біздің ауданда бұл тоқсанды 15007 оқушы бастайды. Солардың ішінде 8 мектепте 1300 оқушы дәстүрлі білім алады. Нақтырақ тоқталсақ, олар №185, №186, №111, №106, №199, №113, №79, №27 мектептер. Ауданға қарасты өзге білім ордаларының 1-11 сынып оқушылары онлайн түрде оқитын болады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Шырын Наукебаева.
Иә, білімді қашықтан алу да, беру де оңай емес. Ұстаздың әр қимылын бағып, жылылығын сезіну арқылы жаңаны үйрену бөлек қой. Індет жайлағалы бері оқушылар ұстазды, ал ұстаз шәкіртті сағынды. Десе де, уақыт талабына орай әлі де қашықтан оқуға мәжбүр. Өйткені мемлекеттің ең үлкен байлығы – адам. Ал адам үшін ең үлкен байлық – ол деннің саулығы. Деніміз сау, жақындарымыз аман болуы үшін сақтық шарасын күшейтіп, қойылған талапты орындау маңызды.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
17 қараша 2020 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930