» » Білгір мұғалім

Білгір мұғалім


Біз қатарлы көп жас бала күнінде ұстаз болуды армандады. Себебі мектепті жаңа аттаған тұста осыбір мамандық иесіне қызыға қарайтынбыз. Міне, осындай балалық шақтағы арманы орындалып, болашаққа нық сеніммен қараған жас маман – Аида Мутеева бүгінде ІІІ Интернационал ауылындағы №108 мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ арманына айналған мамандығын риясыз жақсы көрген ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орыс тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген.
– Бала күнімнен бергі арманымның бірі – ұстаз болу еді. Өйткені кішкентай кезімнен бастап өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап бой түзедім. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, соған кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін, – дейді Аида Сулейманқызы.
Иә, ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Әрбір адамның жүрегінен орын алып, өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Жас ұрпақты біліммен сусындатып, оны үлкен өмірге қанаттандыру – ұстаз алдына қойылған зор міндеттің бірі. Оның басты мақсаты – оқушыға белгілі бір деңгейде білім беріп қоймай, білім, білік, дағдыларын жетілдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Бүгінде білім берудегі бағдарламалар өзгерген. Соған сай оқыту әдістемелері де түрленіп отырады. Ал сол әдістерді оқытуда тиімді етіп қолдану, түрлендіріп отыру жас маманның шеберлігіне байланысты.
– Оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын, білімге деген ынтасын түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен оятуға тырысып, әр сабағымды түрлендіріп отырамын. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және aқпaрaттық-кoммуникaтивтік технологияларға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға орыс тілі пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын, – дейді ол.
Аида мен өмірлік серігі екеуінің ұлты – түрік. Жүзі бөлек демесең, жүрегі, тілі қазақша сайрап тұр. Екеуі жаңа шаңырақ көтерген жас отбасылар қатарында. Бір-бірне қараған жанарынан үлкен махаббаты сырттай сезіліп тұрды. Іштей "апыр-ай неткен жарасымды жұп" деп таңданысып қалдық. Давлят Телманов ауыл әкімдігінде әдіскер болып жұмыс істейді.

Тілшілер тобы
01 наурыз 2021 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031