» » Жыр жазатын Тұрсынай

Жыр жазатын Тұрсынай

Ақтөбе ауылында өткен мәдени шаралар мен шығармашылық кештерде №109 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Тұрсынай Берікбаеваның шығармашылығынан өлең оқығанына талай куә болдық. Бала кезден қойын дәптеріне ішкі тебіренісін шумақтап түсіретін ұстаздың жыр жазған сайын арқаланатыны бар.
Өзін ақын емес, ақынға жақын санайтын Тұрсынай Аманкелдіқызы Сыр бойында Кетеден тараған ұрпақтың «Әу» демеуі атымызға сын дейді. І санатты білікті ұстаз бүгін өзі оқыған алтын ұяда еңбек етеді. Өзіне білім берген ұстаздармен әріптес. Ауылға белгілі өнегелі отбасы Бәшеновтердің кенже келіні. 4 баланың анасы.
Шәкірттерін әдебиетке баулитын ақын-ұстаздың жеткен жетістігі аз емес. Оған ұқсап бағатын оқушылар да табылады. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» дейді. Мұғалім тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы. Тұрсынай сынды дарынды ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолда бағытынан таймасы анық.

07 қазан 2019 ж. 1 195 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930