ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ

Болашақ – білімді жастың қолында. Білімімен, әрі өнерімен көзге түсіп жүрген жастың бірі – Азамат Абимолдаев. Ол бүгінде Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің 11-сыныбында оқиды. Мектеп ұжымы мен ұстаздарының мақтанына айналған шәкірт жыл көлемінде бірқатар білім биігін бағындырды. Атап айтсақ, ол қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Сөз шеберлері» бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанса, «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңінде де бабы шауып, «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша жеңімпаз болды. Сонымен қатар, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұйымдастырған «Дарынды бала» халықаралық таланттар порталында І орынды иеленсе, облыстық «Жас ұлан» ұйымының мұрындық болуымен ақын Жарасқан Әбдірашевтің 70 жылдығына орай өткен «Дала сенің ұлыңмын» атты облыстық байқауда «Жас ақындар» номинациясын қанжығасына байлады.
Азамат әдеби кітаптарды сүйіп оқиды. Абай өлеңдерімен сусындап өскен ол болашақта Мұқағали, Қадыр Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова сынды поэзия алыбының ізін жалғағысы келеді. Соның әсерінен болар, жас ақын бала кезден жыр жазып жүр. Жуырда оның қауырсын қаламынан туған жыр жолдары «Менің отбасым» атты республикалық байқауында айтулы номинацияға ие болды. Дарынды жастың «Мұқағали мәңгілік жыр» атты І халықаралық байқауында ІІ орыннан көрінуі де сөзімізді дәлелдей түскендей.
03 қаңтар 2019 ж. 2 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930