» » ТЕПЛОВОЗ ЖҮРГІЗУШІСІ

ТЕПЛОВОЗ ЖҮРГІЗУШІСІ

Тепловоз жүргізуші – мамандардың айтуынша, әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі. Оның міндеті – шойын жолда жүк немесе бірнеше жүздеген жолаушылары бар пойызды міндеттелген жерге дейін аман-есен жеткізу.
Міне, қаншама адамның өмірі мен тағдыры жауапкершілігі жүктелген сондай мамандықты өзінің саналы өміріне серік етіп келе жатқандардың бірі – кент тұрғыны Қонысбек Кішенов.
Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті тәмамдап, Отан алдындағы азаматтық парызын өтеп ауылға оралған Қонысбек бала кезден арманы болған Қызылорда қаласындағы теміржол техникумына тепловоз жүргізуші мамандығы бойыныша оқуға қабылданады.
Арнаулы оқу орнын бітірген соң жас маман өзінің алғашқы еңбек жолын Жосалы стансасындағы «ПЧ-59» жол жөндеу мекемесінде жұмысшы болып бастаса, 1986 жылы тепловоз жүргізушісі болып жұмысқа қабылданады.
Міне, 31 жылдан бері Қонысбек Сахиұлы бүгінде өз мамандығын толық игерген, білікті де тәжіриебелі маманның бірі.
–Тепловоз жүргізушісі болу менің бала кезден арманым болатын. Ата-анам бірі ұстаз, енді бірі құқық органына баруымды қалап еді. Бірақ, жүрек қалауымен теміржол саласын таңдадым. Өкінбеймін. Осы салада еңбек еткен жылдарымда өзімнің еселі еңбегіммен туған ел алдындағы адами парызымды адал өтеп келемін деп ойлаймын. Еңбегім үшін бірнеше рет салалық басшылықтан құрмет грамотасы мен алғыс хаттар, басқа да мадақтамалар алдым. Сый-құрметтен де кенде емеспін. «Өмірдің өзі өнеге» дегендей, өзім алдынғы буын ағалардан алған тәлім-тәрбием мен тәжірбиемді шәкірттеріме үйретудемін. 1988 жылы ауданда жас машинистерден құрылған, өздерінің өнегелі істерімен көпке үлгі көрсеткен, құрамында 19 жас машинистен құрылған «Магистраль» жастар биргадасының мүшесі болдым. Жас та болса да өзіміздің еселі еңбегімізбен туған жеріміздің өркендеуіне үлес қостық. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп даналар айтқандай, Аллаға шүкір, бүгінде қызым әке жолын таңдап, Ақтөбе қаласында теміржол саласында еңбек етуде. Жас та болса қатарының алды болып, мекемесінде құрметке бөленуде. Жақында телефон арқылы хабарласып, салалық басшылықтан мадақтама алғанын айтып қуантты, – дейді ол.
04 тамыз 2018 ж. 1 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 004

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031