ШОЙЫН ЖОЛ ТАРЛАНДАРЫ
Экономиканың күретамыры теміржол. Ең алғаш Түркісібтен ресльстері төселгеннен бастап қанша жолаушы тиісті жеріне жетіп,, қанша жүк тасымалданды десеңші.
Осы саланың ажырамас бөлігіне айналған Жосалы стансасы сонау бір кездері күніне жүздеген жолаушы және жүк пойызын қабылдайтын-ды. Оның ішінде, мына басы Алматы, Бішкек, Ташкент, ал мына басы Мәукеуге дейін жол ашатын теміржолға бар саналы өмірін арнап, құрмет төрінен орын алған атпал азаматтар да бар. Солар жайлы әңгімелейік.
БІЛІКТІ ЖОЛ ЖӨНДЕУШІЛЕР
Әділ Таңқаев теміржол саласында еңбек еткеніне 29 жыл өтіпті. Қатардағы теміржол жөндеу жұмысшысы болып орналасқан Әділ еңбек майданында шыңдала жүріп, осы салаға өзінің бар саналы ғұмырын арнаған аға буын өкілдерінің өнегелі өмір жолынан тәжірибе жинақтап, кейін келе өз ісінің шебері атанады. Жас маманның еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалаған сала басшылары оны бригадир, ал кейіннен жол шебері лауазымына тағайындайды.
Бүгінде білікті маман өзі қызмет ететін «ПЧ-60-Қазалы» темір жол жөндеу мекемесінің 15 цехында қарамағындағы жөн жөндеуші жұмысшылармен бірге Жосалы стансасынан өтетін жолаушы және жүк пойыздарының қаіпсіздігін сақтауда еселі еңбек етуде.
– «Еңбек – өмір анасы» деп дана қазақ атамыз айтқандай, өмірімнің көп бөлігі осы салаға арналыпты. Отбасымда жарым Қалдыгүлмен 5 қыз тәрбиелеп отырмын. Оның ішінде, үлкен қызым Салтанат Алматы қаласындағы теміржол колледжін тәмамдап, қазіргі таңда сол оқу орнында ұстаздық қызметте болса, одан кейінгі қыздарым Перизат пен Парасат та Алматы қаласында осы салада қызмет етуде, – дейді сала майталманы.