» » ВОКЗАЛ КЕЗЕКШІСІ

ВОКЗАЛ КЕЗЕКШІСІ

«Құрметті жолаушылар мен күтіп алушылар. Абай болыңыздар. №7 Мәскеу-Алматы жүрдек пойызы бірінші жолға қабылданады!», «Құрметті қала қонақтары вокзалда сіздерге арналған тынығу және күту залы бар. Медициналық көмек және басқа да қызмет көрсету орындары сіздер тарапынан туындаған мәселелер бойынша қызмет көрсетеді».
Бұл Жосалы стансасына келіп тоқтаған әрбір жолаушылар пойызынан түскен немесе жолаушылап бара жатқандарға сәттілік тілеген вокзалдағы анықтама кезекшісі, Ақтөбе ауылының тумасы Айгүл Алпанованың дауысы. Расында да, бұл тек Айгүлдің ғана емес, барлық кезекшілердің міндеті.
Иә, сәттілік тілеу кімге де болса, жақсылық тілеумен бірдей. Міне, біраз жылдан бері осындай қызметте абыройлы еңбек етіп келе жатқан Айгүл Алпанова Жосалы вокзалында еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар қатарында.
Қызылорда қаласындағы арнаулы оқу орнын тәмамдаған Айгүл Бақытқызы жұмыстан еш қажыған емес.
– Ұжымым шағын болса да, өте ұйымшыл, бірлігі де жарасқан. «Еңбегіне қарай өнбегі» дегендей, басшыларымыз да еңбегімізді бағалап, түрлі марапаттарға ұсынуда. Сый-құрметтен де кенде емеспіз, – дейді Айгүл.
–Ұжымның дені жастар екені рас. Десе де, «Біздің болашағымыз жастар» деп Елбасы айтқандай, жас мамандардың ойы да ұшқыр, істеген істері де тиянақты. Олар әрбір міндеттелген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, оны тез әрі сапалы орындауға жұмыс істейді. Бұл әрине бүгінгі күннің табабы. Осы талап оларға да сабақ екені рас. Міне, біздің Айгүл де сондай жауапкершілігі мол, істеген ісі тиянақты қызметкерлердің бірі, – деді мекеме басшысы Денис Хамов.
Расында да, өз ісінің білгірі атанған сала майталманы Айгүл Алпанова отбасында да қадірлі де ардақты. Отағасы, теміржол бойындағы байланыс мекемесінде көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан Мырзағали Бертілеуовпен бірге ұл-қыз тәрбиелеп отырған бақытты жан. Бүгінде бақытты отбасы ұрпақтары Аманғали мен Асылым ата жолын қуып, теміржол саласы бойынша оқу орнын тәмамдаса, отбасы қолғанаты Ақелес әзірге мектеп оқушысы, алдағы уақытта ол да ата-анасы сияқты теміржол саласы мамандығын таңдаймын деп отырған жайы бар.
04 тамыз 2018 ж. 2 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031