» » БІРЛІГІ МЕН ТІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ

БІРЛІГІ МЕН ТІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ

Аудандағы үлгілі отбасылардың бірі – Рысбаевтар әулеті. Бұл отбасыны теміржолшылар әулеті деп айтуға әбден негіз бар. Теміржол саласына еңбегі сіңген Рысбаевтар әулетімен әңгімелесудің сәті де түскен еді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал әсте еңбекке жең түріп кірісетін осындай жандар жайында айтылған болу керек.
Қара шаңырақтың иесі Әлихан Рысбаев 1960 жылы Жосалы стансасы, Шошқакөл разьездінде дүниеге келген. Ол ата-анасының жұмыс бабымен аудан орталығына көшіп келген соң Ү.Томанов атындағы №183 мектепте білім алады. 1978 жылы мектеп бітірген бозбала отбасылық себептермен оқуға түсе алмайды. Десе де, өмірлік сынақтан сүрінбеген Әлихан Батырбекұлы 1986 жылы Жосалы стансасы мекемесіне жол және парк кезекшісі болып жұмысқа орналасады. Кейін жұмыстан қол үзбей жүріп теміржол колледжін тәмамдайды. Бүгінгі күнге дейін ол осы қызметімен елге еңбегін сіңіріп келеді. Білікті маман Әлихан Рысбаевтың зайыбы Гүлсім Пірманова да теміржол саласында қызмет етеді.
Отбасымызбен осы саланың нанын жеп келеміз. Күні-түні салдырлап өткен пойыздарды қарап отырдық. Қазір ұлым Байжан да теміржолда жолсерік, қайын інілерім Бауыржан парк кезекшісі, Мағжан диспечер болып қызметін атқарады. Теміржолшылар әулеті дегенді мақтан етемін. Балаларымызға үнемі үлкенді құрметте, кішіге қамқор, еңбекте адал бол деп үйретуден жалыққан емеспіз. Сонда ғана отбасыңда береке, бірлік болады деп келеміз, дейді Гүлсім Пірманова.
Тірлігі теміржолмен біте қайнасып келе жатқан өнегелі отбасы, теміржол саласында қызмет ететіндерін мақтан етеді. Отбасының ұйымшыл екендігін есіктен кіргеннен-ақ байқадық. Әулеттің үлкенін күткен кішілерінен отбасында өзара сыйластықтарын да аңғаруға болады.
Жастайымыздан жұмысқа ерекше жігермен араласып, шілденің аптап ыстығында да, қыстың сақылдаған сары аязды күндерінде де болат жолдың бойында жауапкершілікпен тынбай еңбек еттік. Қазіргі теміржол саласы заман ағымына қарай жаңаша дамып келеді, тепловоздар ауысып, жұмысшылардың жұмысы аз да болса жеңілдеді. Алайда, қай кәсіптің де жеңілі жоқ. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әке кәсібін жалғастырып, балаларым ізімнен еріп келеді, дейді Әлихан Батырбекұлы.
Рысбаевтар әулетінің әр мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп отырған жандар. «Әкеден бала туса игі, әке жолын қуса игі» демекші, осы әулеттен өрбіген ұрпақтар ата жолын қуатын азамат болып өссін демекпіз.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 тамыз 2018 ж. 2 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031