МАМАН МЕРЕЙІ

«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» дегендей, Дариха өмірге ер бала болып келмесе де, бала кезінен әкесі Сақтан Тұрмағамбетұлының ісіне еліктеп, өмірін құрылыс саласына арнауды қалаған еді.
Міне, көптен күткен арманы да орындалып, мектеп бітірген соң ол Астана қаласындағы Н.Гумилев атындағы Евроазия университетінің «өндірістік және азаматтық құрылыс» факультетіне оқуға түсіп, бес жыл білікті сала мамандарынан тәлім алып шығып, туған елге оралады.
Алғашқы еңбек жолын аудандық құрылыс бөлімінде бастаған жас маман ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына өз үлесін қосуға белсене араласып кетеді.
–«Әке көрген оқ жонар» демекші, құрылысшы мамандығы – жауапты мамандық. Әсіресе, қыз бала үшін өте қиын екені рас. Десе де, бал кезімнен бар өмірін осы салаға арнаған әкем Сақтаған Тұрмағамбетұлының күндіз-түні тынбай еткен еңбегіне қызығатынмын. Әкем сияқты құрылысшы болсам деп армандайтынмын. Әрдайым кешкілік бәріміз дастарқан басына жиналғанда ол жұмысында болған қызықты оқиғалар мен пайдалануға берілген құрылыс нысандары, сонымен қатар газеттерде жарияланған сала ақпараттары туралы айтып отыратын. Міне, бала кезден санама құйып алғаным соншалық, талай рет әкемнен ұрланып, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардарға құрылысшылардың еңбектерін қызықтап қайтатынмын. Тіпті, бір-екі рет кірпіш те қаладым, – деді ол.
Қай істе болмасын биік шыңдарды бағындыру үшін саланы жан-жақты сүйе білу керек, дариха – сондай жан. Өз мамандығын сүйген жанның арман асуын бағындыратыны анық.
«Өмір-өзен» дегендей, еліміз тәуелсіздік алып, Елбасының қолдауымен Қазақ елінде көптеген ілкімді істер атқарылды. Сарыарқа төрінен зәулім-зәулім ғимараттар салынып, әлемдегі ең алып қалалармен теңесетін Астана қаласы бой көтерді. Мен де бала кезгі арманыма қол жеткіздім. Бүгінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман болып қызмет істеудемін. Ұжымымның дені өзім сияқты жастар болғанымен, барлығы да жоғары білімді, тәжірибе жинақтаған мамандар. Биылдың өзінде ауданда бір мектеп, екі балабақша, бір денешынықтыру және сауықтыру кешені және басқа да кәсіпкерлік нысандары ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан балаларының көптен күткен жазғы тынығу лагері салынуда. Мұндай тындырымды тірліктерде біздің ұжымның да қосқан үлесі ерекше дегім келеді, – дейді білікті маман Дариха Сақтағанқызы.
Дариха өмірлік жары, біршама жыл осы салада еселі еңбек етіп, ел құрметіне бөленген, бүгінде Қызылорда қаласындағы «Ауылшаруашлығын қаржылай қолдау» қорында менеджер болып қызмет ететін Сәбит Қаппарұлымен шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 бала тәрбиелеуде.
Түйін!
Ақ халаттыларп алдына келген науқастарға жауапты. Мұғалімдер әрбір шәкірттің көкірек көзін ашуға жауапты. Ал, құрылысшылар өзі салған ғимараттың ішіне бас сұғатын адкамның өміріне жауапты. Демек, олардың көтерер щүгі жеңіл емес.
11 тамыз 2018 ж. 1 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031