БРИГАДИР БЕЛЕСІ

​​​​Өңірде Сламхан Дөсекбаевтай құрыш қолды құрылысшының қатысуымен салынған құрылыс нысандары кемде кем шығар. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында білікті сала маманы Әлімжан Кенжебаев басқарған «ПМК-1602» құрылыс мекемесінде еңбек жолын бастап, тәжірибе жинақтаған Сламхан аға сол мекемеде көп жылдар бойы тас қалаушылар бригадасының бригадирі болды. Сан жылдар бойына аудандағы құрылыс саласының дамуына қомақты үлес қосты. Елді мекендердегі мектеп, балабақаша, шаруашылықтардағы мал бордақылау алаңы және басқа да әлеуметтік маңызы зор нысандарда қолтаңбасын қалдырды.
Көптеген шәкірт тәрбиелеп, олардың тәуелсіз елімізден орнын табуына еңбек сіңірген ардагер құрылысшы зейнерткерлік демалысқа шықса да, өміріне серік еткен құрылысшы қалағын қолынан тастамай, өзі құрған шағын бригадасымен аудан орталығындағы жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар салуда. Сала майталманы басқарған бригаданың дені жастар. «Жас келсе іске» дегендей, заман талабына сай жаңа үлгілерді жүзеге асырады. Осы ретте, білікті маман бүгінде елімізде заман ағымымен отандық құрылыс сәулетін жүзеге асыруға жұмыс істеуде.
–Сламханды сонау жетпісінші жылдардан бері білемін. Ол мектепті бітіре саласымен «ПМК-1602» мекемесіне жұмысқа қабылданып, сол уақытта қолына алған құрылысшы қалағын әлі де тастамай, ел әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан майталман маман. «Сәкеңнің қолымен қаланған кесектер әлі жүз жыл жасайды» дейді тұрғындар. Бүгінде ол зейнеткерлік демалыста болса да қасына білімді де іскер жастарды топтастырып, аудан халқына қызмет істеуде. Оның жігіттері салған құрылыс нысандары өзгелерге қарағанда сапалы әрі заман талабына сай. Тәжірибелі маманның қызметін тек аудан орталығы ғана емес, барлық елді мекен тұрғындары пайдалануда, – дейді сала ардагері Қаршыға Есдәулетұлы.
–Менің өмірім тек құрылыспен ғана байланысты. Бақытымды да осы құрылыстан таптым. Еңбегім де еленіп, көптеген марапаттарға ие болдым. Кеңес Одағы жылдарында түрлі министрліктерден де марапат алдым. Еңбегімді бағалап, газетке де мақала жарияланды. Аллаға шүкір, жаман болмадым. Десе де, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы құрылыс мекемелері жабылды. Сонымен қоса жұмысшылар қысқарды. Бірақ «Көреген көшбасшы алысты болжайды» деп дана халқымыз айтқандай, Мемлекет басшысының іскерлігімен заман жақсарды. Елде, оның ішінде өңірде бұрын-соңды халық көрмеген құрылыстар бой көтерді. Құрылысшылардың қолы қысқарып қалғанымен, мен сол жылдары өзіммен бірге еңбек еткен бригада мүшелерімен ақылдасып, жеке құрылыс бригадасын құрдым. Жеке тұрғын үй, тапсырыспен түрлі құрылыс нысандарын салуға көштік. Қызылорда, Байқоңыр, аудан орталығы мен елді мекендерден де тапсырыстар түсе бастады. Міне, сол кездегі жігіттеріміз зейнеткерлік демалысқа шығып кеткенімен, бүгінде олардың орнын балалары басты. Әскер, Айбек деген жігіттер өз алдына бригада құрды. Ауданда құрылыс саласының дамуына үлестерін қосып жүрген білікті мамандар. Ал,бүгінгі бригада құрамында ұжым ардагері Бөрібай Өтешов, Амантай, Жасұлан, ағалы-інілі Болат, Бағдат, Қанағат және басқа да білікті жас мамандарымыз еңбек етуде. Екі бригада жұмыс істейді. Арамызда сылақшы да, тас қалаушы да, бетоншы да бар. Еңбегімізге әрдайым ел риза, – дейді құрыш қолды құрылысшы Сламхан Дөсекбаев.
11 тамыз 2018 ж. 1 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031