ТАҢДАУЛЫ ҚҰРЫЛЫСШЫ
«Таңдаулы құрылысшы». Бұл елімізде Кеңестер Одағы билік құрып тұрған жылдарда құрылыс саласына еңбек сіңірген мамандарға берілетін ең дәрежелі атақ. Бірақ, бұл атақ кез келген құрылысшыныңм майңдайына бұйыра бермейді. Ал, Ақкүріш апа осындай құрметті аудан, облыс, тіпті республикада алған санаулы сала мамандарының бірі әрі бірегейі.
Ол киелі Тұрмағамбет ауылында бар саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап өмірден өткен Нұрлыбек Алтайұлының отбасында тәрбиеленген 10 баланың ортаншысы. Ақкүріш апа өсе келе ауылдағы орта мектепті тәмамдаған соң, Жосалы кентіндегі механизаторлар даярлайтын білім ордасын бітіреді. 1962 жылы Қызылорда «СУ-13» құрылыс мекемесіне қарасты аудандық бөлімшесінде механизатор болып еңбек жолын бастайды. Содан бастап Ақкүріш апаның құрылыс саласындағы қызығы мен шыжығы мол жылдары басталды.
Міне, осындай киелі мамандықты меңгерген Ақкүріш Нұрлыбекқызы аудан әлеуетін арттыруға сүбелі үлесін қосқан құрыш қолды құрылысшылардың бірі. Алпысыншы жылдардың аяғында Б.Момышұлы көшесіндегі электр стансасы мен екі қабатты үйді салудан бастаған ол кейіннен ауданда құрылған жастар бригадасымен, құрамында Тынышкүл Құлсейітова, Марияш Оспанова және басқа да қыз-келіншектермен бірге қазіргі №121 мектеп, кент әкімдігі мен салық басқармасы, Қазақтелеком, мәдениет үйі, аграрлық-техникалық колледж, аудандық аурухана мен ішкі істер, сондай-ақ кәсіпкерлер үйі ғимараты, Қорқыт ата мен Аманкелді көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерде, елді мекендердегі бірнеше әлеуметтік нысандарда Ақкүріштей ақ жүректі құрылысшы апамыздың қолтаңбасы бар.
1964 жылы бірге қызмет ететін Тұрсынбек Әшіровпен отау құрған Ақкүріш отбасылық өмірді жұмыспен сабақтастырып, туған жерінің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етті. Ел мүддесі үшін еткен еселі еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «КСРО-ның таңдаулы құрылысшысы» төсбелгісімен, сол кездегі КСРО Ауылшаруашылығы құрылысы министрлігінің және облыстық, аудандық партия комитеттері мен кәсіподағының құрмет грамоталармен және басқа да салалық ведомстволардың мадақтамаларымен марапатталды. 2 рет облыстық, 4 рет Жосалы қыстақтық Кеңес атқару комитетінің депутаты болып сайланды. Сайлаушылардың мүддесін қорғауда тынбай еңбек етіп, алғыс арқалаған ол бірнеше рет республикалық кәсіродақтың съезіне делегат болып қатысты
–Мен бақыттымын. Бақытыма орай еліміз тәуелсіздік алды. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, алыпысыншы-тоқсаныншы жылдары біз салған құрылыс нысандары ел-жұртқа әлі де қызмет көрсетуде. Десе де бүгінде заман ағымына сай бой көтерген зәулім-зәулім тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар ел дәулетіне сәулет қосуда. Жастарымыз болашақ иесі екенін көрсетуде. Заман талабы ма, әйтеуір шетелдердегідей төбесі көкпен тірескен ғимараттарды Елордадан да көреміз. Еліміздің бас қаласы мен аймақ астаналарында көкпен иық тірескен алпауыт үйлер көздің жауын алады. Бірге қызметтес болған Тынышкүл, Әлимаш, Қаршыға, Яхия, Жылқыбай сынды замандастарыммен бірге егеменді еліміздің заман ағымына сай өмір көшіне ілесіп келе жатқанына сүйсініп, өскелең ұрпаққа тәжірибемізді бөлісіп, ақыл-кеңесімізді айтып келеміз,– дейді қарт құрылысшы.
Бар өмірін аудан құрылысының дамуына арнап, ел құрметіне бөленген, «Алтын алқа» сонымен қатар ІІ және ІІІ дәрежелі «Ана даңқы» орден-медальінің иегері Ақкүріш Алтаева бүгінде марқұм жары Тұрсынбекпен бірге үкілеп өсірген ұл-қызынан 21 немере, 16 шөбере сүйіп, ағайын-туысқа шуағын шашып, аналық ақ батасын беріп отырған бақытты жан.

Пікір 1