» » » СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бейсенбіде «Мәлике ана» мейрамханасында құрылысшылар мерекесі аталып өтті.
Мерекелік салтанатта аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов құрылысшылар қауымын кәсіби меркелерімен құттықтап, аудан әкімінің ыстық қыласын жеткізді. Сонымен қатар, Валерий Маловик, Нұржан Жалғасов және Қайрат Нұржанов, Рахымбек Құлшығаев, Ерболат Қадыров, Серік Ембаев, Оңталап Базаров, Қанат Мәмбетәлиев және басқа да сала озаттарына облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Содан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағалары Қаршыға Есдәулетов пен Жақсыбай Жәкеев, сала ардагерлері Тұрлыбек Әлиасқаров, Әділбек Ибашев, Ақкүріш Алтаева, Әбіраман Тұрғанов және басқалар сала майталмандарына құттықтауларын арнап, мерекелік лебіздерін білдірді. Ауданда құрылыс саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берді.
Мерекелік салтанат одан әрі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ,
«Қармақшы таңы».
11 тамыз 2018 ж. 1 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031