» » ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында 4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай кең көлемді шара өтті. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев аудан тұрғындарын Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне байланысты құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» табыстады.
- Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз- деді аудан әкімінің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде.
Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Д.Боханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы белсенді партия мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілердің Отан алдында абыройлы да адал болуға, бар күш жігерін салып халыққа қызмететуге ант беру рәсімі өтті. Мемлекеттік Рәміздерді насихаттауға байланысты аудан көлемінде мерекелік шаралар сурет көрмелері мен конференцияларға жалғасын табуда.
«4 маусым –Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өткізіліп, аудан өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

04 маусым 2018 ж. 3 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930