МҮСІНШІ

Үш жүздің пірі Марал баба, күллі Түркі жұртының абызы Қорқыт ата, ер Сейтпенбет пен Қармақшы әулие, сондай-ақ «Жүз шайырдың отаны» деген даңқымен дараланған өлкеде туған тума таланттың бірі – мүсінші Сабыр Қайырбаев.
Аудан орталығындағы 100 жылдан астам тарихы бар киелі білім шаңырағы Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті тәмамдаған Сабыр Басқынбайұлы бала кезінен өміріне серік еткен құрылысшы мамандығын, оның ішінде сәулетшілікті меңгеруде жоғары білім ордасын тәмамдаған соң, туған елге оралып, құрылыс саласында түрлі мамандық бойынша еңбек етті.
2012 жылға дейін аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінде архитектор болып қызмет еткен ол аудан орталығындағы көптеген әлеуметтік нысанға сәулетшілік үлес қосқанын ел біледі.
Десе де, қағаз бен қаламнан қолы босамай, өз ойын жүзеге асыра алмаған білікті маман мемлекеттік қызметті өз еркімен тастауға шешім қабылдап, бала жасынан өміріне серік еткен мүсіншілік кәсіпті қайта жаңғыртуды қолға алады.
Сабыр Қайырбаев бүгінде кәсібінен нәсібін тауып отырған жан. Оның алтын қолынан шыққан туындылар еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі көптеген қаланың келбетіне сән қосып тұр.
Біз Сәкеңнің шеберханасына келгенімізде оның қызу жұмыс үстінде отырғанын көрдік. Шағын ғана шеберханада №183 орта мектептің жуырда ғана ел игілігіне пайдалануға берілген заманауи үлгідегі ғимарат алдына қойылатын жерлесіміз, қоғам қайраткері Үсен Томановтың мүсінінің соңғы штрихтарын аяқтап қалған екен. Шеберханаға кіріп келгенде Сәкең қолындағы қашауын үстел үстіне қойып, амандық-саулықтан соң жұмысымыздың мақсатын білген кейін әңгімесін бастап кетті.
–Жақында ғана Атырау қаласына қазақ батырының бейнесін суреттеген екі үлкен ескерткішім кетті. Алдарыңызда тұрған Қобыланды мен Махамбет батырдың шағын ескерткішіне тапсырыс Ақтаудан келді. Бірер күнде тапсырыс беруші де келеді. Сондай-ақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, жерлесіміз Үсен Томановтың мүсінін де аяқтап қалдым. Бұл да жақын күндері пайдалануға берілген №183 мектептің алдында тұратын болады. Жаңа айтқанымдай, осы уақытқа дейін бір жағы Ақтау, Атырау, Ақтөбе, мына жағы Шымкент пен Жамбыл облысынан тапсырыстар қабылдаппын. Ал, аудандық жыраулар үйі алдындағы Көшеней Рүстембеков ескерткіші мен Сыр сүлейі дүр Оңғардың мүсіні және басқа да жұмыстарым аудан халқына таныс. Әріптес інілерім Кәжден мен Ислам үшеуміз бірігіп, қандай да болмасын көлемдегі тапсырысты қабылдап, дер кезінде орындап беруге жұмыс істейміз. Талай рет еліміздің әр аймағындағы қалаларға барып, ел-жұрттың тапсырысымен жұмыс істеп жүрміз. Әзірге өз ауданымыздан тапсырыстар түскен жоқ. Бірақ, біз қандай да боламасын жұмысты істеуге дайынбыз. Мемлекеттен де көмек беріліп тұр. Елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламадан да өз үлесімді алып, жаңа құрал-жабдық сатып алдым. Осы құрал-жабдығым арқылы тек ескерткіш, мүсін ғана емес, ағаштан да, яғни ас ішетін қазақы ою-өрнекпен нақышталған ұлттық тағамымыз ет тағамын салатын түрлі көлемдегі табақша мен басқа да бұйымдар жасаймын. Тапсырыс болса гипстен де шағын естелік мүсіндер жасауға тапсырыс қабылдаймын, – дейді мүсінші.
Расында да, мүсіншінің үйіндегі үлкен бөлмедегі стол үстінде ұзыннан қойылған батырлар мен еңбек адамдарының мүсінін көріп, алтын қол ағаның әрбір жұмысына қызыға қарап, ел-жұртына, жастарға көрсетіп жүрген өнегелі ісіне сәттілік тіледік, «Болса екен ағалардың бәрі осындай» дегендей тарқастық.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
02 шілде 2018 ж. 2 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930