» » Ұжым құрметтісі

Ұжым құрметтісі

Рысты Тәжібаеваның теміржол саласында еңбек еткеніне биыл – 33 жыл. Алғашында қарапайым теміржолшы болған ол жылдар өте келе саланың қыр-сырын меңгеріп, мекемедегі тәжірибелі маманның бірі атанды.
Саналы өмірін теміржолға арнаған білікті маман 1986 жылдан бері вокзалда қызмет етеді. Ұзақ жыл айтулы салаға еңбек сіңірген теміржолшылар Тамара Скулькина мен Алтынкүл Ареновадан өнеге алған кейіпкеріміз бүгінде өзі де нағыз шебер атанған.
– Осы кісілерге қарап бой түзедім. Тәжірибе жинақтадым. Осындай ұлағатты жандардан алған тәрбиенің арқасында өзім де елдің құрметіне кенелудемін. Осы кісілер сияқты мен де ізбасарлар даярлаудамын. Жанат Шораева, Мөлдір Өтеулиева, Гүлнұр Шаһарова және өзге де шәкіртім абыройлы еңбек етуде. Осында жұмыс істей жүріп отбасын құрдым. 2 баланың анасы атандым. Бүгінде ұрпағымның қуанышына бөленіп отырған жайым бар, – дейді Төретам вокзалы бастығының көмекшісі.
Рысты ұжым сыйлысы. Жастардың ақылшысы. Мекемедегі көптеген қоғам­дық шараның ұйытқысы.
– Өз ісін жетік меңгерген маманға сұраныс қашан да жоғары. Бұл тұрғыда Рысты Тәжібаева үлкен құрметке ие. Адал еңбегінің жемісі бірнеше рет әкімшілік, салалық басшылықтың мадақтама, сон­дай-ақ алғыс хатымен бағаланған, – дейді вокзал бастығы Алмажан Рахметқызы.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
20 тамыз 2019 ж. 1 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930