» » НӘЗІКЖАНДЫ САҚШЫ

НӘЗІКЖАНДЫ САҚШЫ

Ішкі істер саласы – қайсарлықты, ержүректікті талап ететін мамандық. Біздің танымда бұл салада жоғарыда айтылған талапқа сай деген ер-азаматтар ғана қызмет істей алады. Сол ер-азаматтар арасында қазақ аруларын да көріп келеміз. Қиын да жауапершілігі мол, батырлық пен ептілікті талап ететін осы қызметте көп жылдан бері абыройлы жұмыс істеп келе жатқан нәзікжандылардың бірі – полиция майоры Ақнұр Серікбайқызы.
Ақнұрдың ішкі істер саласында еңбек еткеніне 15 жыл болған. Жосалы кентіндегі №121 орта мектепті бітіріп, Шымкент Заң колледжін тәмамдаған соң, аудандық ішкі істер бөліміне учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметіне қабыл­данған. Ішкі істер қызметкері мін­детті түрде жан-жақты дайындалған, қызметіне жауапкершілікпен қарайтын маман болуы керек. Ақнұр алғаш қызметке қабылданғанда оған саланың қыр-сырын игеруде әріптес ағасы, аудандық жергілікті полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерлан Назарқұлов, көші-қон тобының басшысы Нұрбол Төлегенов, тәлімгер Сәуле Салходжиновалардан көп тәлім алады.
Міне, осындай тәлімгерлер арқылы полиция қызметінің қыр-сырын бойына сіңіре білген жас маман кейін келе мектеп инспекторы болып қызмет етсе, бірер жыл облыстық ішкі істер департаментінде тәжірибеден өтіп келген соң, көші-қон тобының инспекторлығын абыроймен атқарып, ұжымдағы  қоғамдық жұмысқа да белсене араласады.
– Ішкі істер саласы ер-азаматтарға арналған мамандық деп жатады. Мүлде келіспеймін. Осы салада мінсіз қызмет етіп жүрген қазақ арулары жетерлік. Олар да қызмет жүгін абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленуде. Бөлімде Жанат Ерғалиева, Алтынкүл Қоңырбаева, Зухра Тілеубек, Гүльмира Исмайлова, Ақнұр Қасымова және басқа да өз ісінің білгірлері жұмыс істейді. Полиция қызметкері маман­­дығын таңдап, оны өміріме серік еткелі бері тәуелсіз еліміздің өсіп-өркен­деуіне перзенттік үлесімді қосып келе жатқанымды мақтан етемін, – дейді Ақнұр Серікбайқызы.
Жас та болса, өзіне жүктелген міндет­терді абыроймен атқарып, ұжым­дастары мен қармақшылықтар алдында құрметке бөленген Ақнұрдың еңбегі салалық, аудан­дық басшылық тарапынан еленіп, бірнеше рет құрмет төрінен көрінді. Жас маман ҚР Ішкі істер министрлігінің, аудандық, облыстық әкімдіктер мен сала­лық басшы­лықтардың алғыстарымен, сонымен бірге, ҚР Ішкі істер органдарында қызмет еткеніне – 10, 15 жыл медалімен марапатталды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
10 наурыз 2019 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031