» » » Ұлағатты әулет марапат биігінде

Ұлағатты әулет марапат биігінде

Қызылорда қаласында еңбек күні мерекесі қарсаңында «Ата кәсіп – алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті. Жиында азаматтық қорғау саласының қызметкері Е.Назарқұловтың әулеті үздік деп танылды. Форумды шымылдығын түрген аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Елбасының жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесінен орай форумның бесінші мәрте өтіп жатқанын тілге тиек етті.

– Айтулы шара барысында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік. Біздің бүгінгі жас ұрпағымыз атакәсіпті жалғастырып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, әрі қарай жалғастырса, мұның өзі бір тәрбие мектебі емес пе? Соның нәтижесінде өздеріңіз сияқты еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір ұлтымыздың рухани жаңғыруы болмақ, – деді облыс әкімі.
Форум аясында аймақтың үздік еңбек әулеттері салалар бойынша анықталып, ба­ғалы сыйлықтармен марапатталды. Со­лардың қатарында табан тоздырып, құқық қорғау саласында аянбай еңбек етіп жүрген Назарқұловтар әулеті ішкі істер саласы бойынша үздік шықты. Әулеттің бұл саладағы еңбек өтілі – 74 жыл.
Әулеттің үлкені – Есет Камаладинұлы. Сала ардагері, ішкі істер органдарының полковнигі Е.Назарқұлов 1975-2002 жылдар аралығында аудандық ішкі істер бөлімінде табан аудармай 27 жыл еңбек етті. Бұл маңнан кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары лауазымымен зейнетке шық­ты. Ал шаңырақтың кенже ұлы Еркін Назарқұлов 2003 жылдан бері төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп келеді. Төрт баланың әкесі Е.Есетұлы қазір аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы қызметінде. Шенсіз емес, азаматтық қорғау майоры. Нұрбол Есетұлы да құқық қорғау саласына еңбегі сіңген азамат. Аудандық ішкі істер бөлімінің запастағы майоры 1994-2016 жылдар аралығында жұмыс істеп, бөлімнің жедел кезекшісінің бастығы лауазымымен зейнетке шыққан.
Бұл шаңырақ тағы бір азаматты ел тыныштығын күзетуге тәрбиелеген. Ерлан Есетұлы да әке жолын жалғап, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары қызметінде. Әзірге шені – полиция подполковнигі. Ол айтулы салада 1999 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Айтпақшы, бұл әулет марапат алудан кенде емес. Ел еңбегін бағалап жүр бәрінің. Әулеттің әкесі – Есет Назарқұлов 2001 жылы «Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгісімен марапатталған. Әулеттің азаматтары қызмет барысында мақтау қағаздары мен медальдармен марапат биігінен көрініп жүрген.
Марапат алу кімді де марқайтады. Ал марапат нағыз иесін тапқаны – еңбектің еленгені. Назарқұловтар шаңырағы – ұй­ыс­қан, ұлағаты мол әулет. Ал мұндай әулеттердің болуы бізге де мақтаныш.
«ҚТ» ақпарат
12 қазан 2018 ж. 2 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031