» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 44 мыңнан астам көпбалалы аналардың 27 мыңнан астамы - Батыр аналар. Олардың ішінде 14 мыңнан астамы «Алтын алқа», 13 мыңдайы «Күміс алқа» иегерлері.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев аймақтың әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
… Аймақ басшысы өңірдің бірқатар маңызды салаларында әйелдер қауымының арқасында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-Аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Сыр өңірінде де талай ардақты аналардың өнегелі өмірі, сырлы шежіресі аңызға айналып, ел аузында жүр. Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Закира Ержанова, Қазына Жүсіпова сынды ел аналарының ерен еңбегі мен жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінгі кездесуімізге көп балалы аналар, ауыл шаруашылық, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, яғни күнделікті қажырлы еңбектерімен өмірімізді жақсартым, тәуелсіздігімізді нығайтып келетін жандар қатысуда. Облысымыздың, еліміздің барлық жетістіктерінде сіздердің зор үлестеріңіз бар», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қызылорда облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Алма Ақдәулетованы биылғы 85 мерейтойымен құттықтады.
«Естуімізше, жақсы адамға үш қасиет ерекше тән дейді: бірі – жылы жүзі, екіншісі – дана сөзі, үшіншісі – сырбаз мінезі. Бар бақытын еліне арнаған еңбектен тапқан Алма Танабайқызы өз бойындағы осы үш қасиетінің арқасында Сыр елінде айрықша құрметке бөленді», - деді облыс әкімі
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Алма Ақдәулетова Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар аймақ басшысына көрсетіп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.
08 наурыз 2018 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031