» » Ана-тіршіліктің тірегі

Ана-тіршіліктің тірегі

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Батыр аналарды, көп балалы аналарды және дамуы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарды аудандық п…артия филиалында мерекелелік қабылдау болып өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып, біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі деп, қысқаша пікірін айтып өтті. Одан соң Жосалы кентінің көп балалы батыр аналары «Алтын алқа» иегерлері С.Маханова, Б.Тойқожаева, К.Қазақбаева, Л.Мусаева, А.Мурзалиеваларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар А.Крекесова, Р.Сәдуақасова, М.Шарапатоваларды жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, құттықтау хатын табыс етіп, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар шара барысында Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі К.Көбековалар осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны екендігін айтып, мерекелік лебіздерін білдірді. Ақ жаулықты аналарымыз да мерекелік қуаныштарымен бөлісіп, ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді. Шара соңында естелік фотосуретке түсу рәсімі болып өтті.
07 наурыз 2018 ж. 2 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031