» » Елбасы әйелдер қауымын барлық ер-азаматтардың атынан құттықтады

Елбасы әйелдер қауымын барлық ер-азаматтардың атынан құттықтады

Елбасы әйелдер қауымын барлық ер-азаматтардың атынан құттықтады
Елбасы Қазақстанның барлық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, Қазақстандағы өскелең жас ұрпақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңірудің қажеттілігін айтты.
– Жаһандану жағдайында қыздарымызға тән асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қаптаған ақпараттар легін біржола тоқтату мүмкін емес. Әрбір бойжеткеннің жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі болуы қажет, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қабылданған бес әлеуметтік бастама, ең алдымен, әйелдер қауымына арналғанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдерінің бойында еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясының сарқылмайтын көзі бар екенін атап өтті.
– Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алуына байланысты бүкіл салмақ сіздерге түсіп отыр. Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен және махаббаттарыңызбен еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінде елімізде 250 мыңға жуық ананың «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» марапатталғанына назар аударып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына қазақстандық әйелдердің зор үлес қосқанын атап өтті.
– Жаңа ұрпақтың дүниеге келуі және халқымыздың көбеюі – мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер жетістікке жете алмайтын ешқандай сала жоқ. Сіздер кәсібилік пен спорттың, ғылым мен саясаттың шыңдарын бағындыра аласыздар. Қазіргі таңда үш мыңға жуық докторанттың 60 пайызы – әйелдер. Мәжіліс депутаттарының үштен біріне жуығы – қыз-келіншектер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлес салмағы елу пайыздан асады. Мұны мемлекетті басқару ісінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін дұрыс үрдіс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық ер-азаматтардың атынан әйелдер қауымын тағы да мерекелерімен құттықтап, оларға бақыт, махаббат пен бақ-береке тіледі.
08 наурыз 2018 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031