» » » «Айқаракөз» жаққан жұлдыздар

«Айқаракөз» жаққан жұлдыздар

Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан әкімінің қолдауымен аудандық мәдениет үйінде «Хореография» бөлімі ашылды. Бүгінде мұнда «Айқаракөз» кіші және үлкен би тобы бойынша талантты балғындардың жұлдызды жолын ашуда. Міне, бүгінде халықаралық, республикалық, облыстық би байқауларында жүлделі орындарды бағындырып жүр.
Өңірлік «ХІІІ жастар Дельфий ойындары» байқауына қатысқан жас бишілердің бірінші тобы «Халық биі» атауымен ІІІ орынды иеленсе, «Қазіргі заман биі» атауы бойынша «Айқаракөз» екінші би тобы І орынды қанжығасына байлап, Республикалық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында өткен «Все краски танца» бишілер байқауында жас бишілер ІІІ орынмен марапатталды. Сонымен қатар, «Бейбітшілік әлемі» атты республикалық байқауында және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Астана қаласында өткен халықаралық «Ел жүрегі – Астана» атты би конкурсында бас жүлдені жеңіп алған талантты бишілер аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан көптеген шараға белсене араласады.
Би тобының ашылғанына аз уақыт болса да өнерге деген ерекше қызығушылығымен дараланған жас бишілерді аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев құттықтап, алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, жас бишілер тобының ата-аналары да өздері тамашалаған қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Жиынның соңы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық музейге экскурсиямен жалғасты. Экскурсияда балалар музейге қойылған жәдігерлермен танысып, өткеннің тарихына қанықты.
Қасиетті Қармақшы өңірі десе ойымызға алдымен жыршы, термеші, ақындар оралады. Мұның санатына бишілеріміз енсе аудан үшін зор мәртебе. «Айқаракөз» жаққан талантты жұлдыздардың бағындырар белестерінің көп боларына сеніміміз мол.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
14 шілде 2018 ж. 1 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930