» » БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР БОЛАШАҒЫ ҮШІН

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР БОЛАШАҒЫ ҮШІН


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – БҚҚК), Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні»
іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін «Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» тақырыбы аясында Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гульзира Мажитқызы биылғы оқу жылында Халықаралық, Республикалық, Облыстық би байқауларында өнер көрсеткен өнерпаздарды, жеңіске жеткен шәкірттерімізді және олардың табысына үлес қосқан ата-аналарды қабылдап, сый құрмет көрсетті.

Жеңімпаздарды би өнеріне баулып, ерекше нәтижеге жеткізген аудандық оқушылар үйінің директоры Құралай Қорғанбекқызына және хореограф Жадыра Алпысбайқызына ризашылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында өткен «Dance Battle» халықаралық би байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 82 топ қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсті. Біздің өнерпаздар «Қазақ биімен» І орынды жеңіп алса, «Орыс биі» бойынша SUPER VIP GRAND PRIZE номинациясын иеленіп, Дубайға жолдама ұтып алған болатын.

Осы ретте білім бөлімі басшысы жас өнерпаздардың ата-аналарына балаларға ерекше шабыт сыйлап осы уақытқа дейін балғындардың би өнеріне баруына қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен ризашылығын жеткізіп, ата-аналарға және оқушыларға арнайы «Алғыс хат»марапатын табыстады.

27 мамыр 2025 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930