» » Аудан әкімі байқау жеңімпаздарын қабылдады

Аудан әкімі байқау жеңімпаздарын қабылдады



Аудан әкімі Жандос Еркінбек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауына және Әзірбайжанның Баку қаласында Халықаралық балалар арасындағы «Мугам» өнер байқауына Қазақстан атынан қатысқан өнерпаздарды қабылдады.
Атап өтер болсақ, ағымдағы жылдың 25 мамырында Атырау қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық мемлекеттік тіл оқытушыларының байқауына Қызылорда облысынан қатысқан Облыстық қоғамдық даму басқармасының Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы, жерлесіміз Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы Бас жүлдені жеңіп алып, облыс абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар Әзірбайжанның Баку қаласында «Кайнат» жастар орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар арасындағы «Мугам» өнер байқауында Қазақстанның атынан қатысқан Елдес Мәди жүлделі ІІІ орын иеленді.
Аудан басшысы тек ауданымыздың ғана емес тұтас еліміз бен аймағымыздың мәртебесін арттырған жерлестерімізге ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, талантты өнерпаз Елдес Мәдиге ыстық ықыласын жеткізіп, қазақтың қасиетті домбырасын тарту етті.

08 маусым 2023 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031