» » Бабалар үнін жалғаған

Бабалар үнін жалғаған

qarmaqshy-tany.kz Әзірбайжанның Баку қаласында «Мугам» халықаралық дәстүрлі байқауы өткен-ді. Оған ауданымыздан жас жыршы Мәди Елдесбаев қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп қайтты.
ХІІІ халықаралық балалар арасындағы «Мугам» фестивалі Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігі мен Мәдениет министрлігінің қолдауымен, «Каинат» жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен. Оған Түркия, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан 19 жас талапкер қатысып, бақ сынаған. Нәтижесінде жерлесіміз үздік өнер көрсетіп, еліміз алдыңғы қатардан көрінді.

Мәди Алдашбай ахун ауылындағы №111 орта мектептің 5-сынып оқушысы. Сонымен қатар аудандағы К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйіне қарасты «Ешнияз сал» үйірмесінің шәкірті. Жетекшісі – Әлішер Мырзағалиев. Домбыраға қатысып тәлім алып жүргеніне үш жылдан асқан. Кешегі өткен байқаудағы әсерін ол бізбен былай бөлісті.

– Өзге елдегі жарыс маған жақсы әсер қалдырды. Алғашында бойымда кішкене қорқыныш болып, кейін жеңе білдім. Өйткені елдің атынан барып тұрғасын жүгін сезіндім. Жарыс екі кезең бойынша өтті. Онда Наурызбай ақынның «Сөз сөйлейін», Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Не қызық» деген термесін орындадым. Маған қолдау көрсеткендерге айтар алғысым шексіз, – дейді жас өрен.

Ал Әлішер шәкіртінің домбыра ойнауда ерекше қабілеті барын, үйірмеде 18 оқушы болса, Мәдидің жыр-термеге қызығушылығы жоғары, сөз жаттауы тез, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтынын айтады. Алдағы уақытта барлық шәкіртінің ерекше талантымен танылып, топқа қосылатынына сенімді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
27 мамыр 2023 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 003

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930