» » МЕРЕЙДІ ҮСТЕМ ЕТТІ

МЕРЕЙДІ ҮСТЕМ ЕТТІ

Жақында Ақтөбе қаласында бокстан ересектер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған ХХ халықаралық жарыс өтті.

Әлемнің 5 мемлекетінен, яғни Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің әр аймағынан 100-ден аса былғары қолғап шеберлері қатысқан байрақты жарысқа Сыр елі құрамасы сапында жерлесіміз, №250 мектеп-лицейдің тарих пәнінің оқытушысы Сәбихан Жүнісов те қатысқан болатын.
81 келі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған жерлесіміз, білікті сала маманы Жандос Топаевтың шәкірті Сәбихан Жүнісов жарыс қорытындысымен өз салмағында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сондай-ақ, Алматы қаласында жастар мен жасөспірім қыздар арасында Қазақстанға еңбегі сіңген жат­тықтырушы М.Хайрулдиновты еске алуға арналған ХVII халықаралық жарыста №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жас­­өспірімдер спорт мектебінің жат­тықтырушысы Жандос Топаевтың шәкірт­тері, яғни 60 келіде аудандық аграрлық-техникалық колледждің ІІІ курс студенті Фариза Балкир мен №26 орта мектептің оқушысы Гүлсезім Садықова 80 келіден жоғары салмақта жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сонымен бірге, Түркістан қаласында 1998-2000 жылдары туған жастар арасында қазақ күресінен спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналған республикалық «Тайқазан» жа­рысы өтті.
Еліміздің барлық аймағынан өз салмақ дәрежесі бойынша үздік деп танылған бозкілем шеберлері бел- ­­­­­де­­с­у­­­інде Әділбек Серікбаев басқаратын ау­дандық спорт клуб мүшесі Арман Жалғасбекұлы 66 келі салмақ бойынша өнер көрсетіп, жарыс қорытындысымен ІІ орынға көтерілді.
Ал, Елордада Астана қаласының 20 жылдығына орай 2005-2006, 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен республикалық тур­нирде еліміздің барлық аймағынан жиналған жас татами шеберлерімен бірге №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттық­тырушысы Сымбат Оспанованың шәкірт­тері де өз бағын сынады.
Тартысты өткен жарыс қоры­тын­дысымен 36 келі салмақта белдес­кен №26 орта мектептің оқушысы Нұршашқан Асылбекқызы жарыс жеңім­пазы атанды.
Нұрбай ЖӘНАДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
08 қаңтар 2019 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031