Құрылтай
» » АЙМАҚТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АЙМАҚТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жуырда Қызылорда қаласында 2005-2006 жылдары туған жасөспірім былғары қолғап шеберлері арасында облыс біріншілігі өтті.
Аймағымыздың барлық өңірінен қатысқан 20 команда бойынша 300 жас өз салмағы бойынша жұдырықтасты.
Міне, 5 күнге созылған жарысқа жерлестеріміз, яғни №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Абай Тұрғанов, Жандос Топаев, Абзал Бөрібаев пен №250 мектеп-лицей мұғалімі Сәбихан Жүнісов баптаған шәкірттер де қатысып елге жүлдемен оралды.
Нақтырақ айтқанда, Н.Назымбетов (№30 мектеп), А.Болатов, А.Пірманбаев, А. №Қалмаханов (№250 мектеп-лицей), Ө.Нағашыбаев (№105 мектеп-лицей), Ш.Жеткеров (№27 мектеп) жеңімпаз атанса, Б.Ефенов пен А.Жеткергенов (№250 мектеп-лицей), М.Қорғанбек, А.Ахметбеков және Н.Өмірбеков (№121 мектеп) жүлделі ІІ орынды иемденді. Ал, №250 мектеп-лицейдін шәкірттері С.Бердібеков пен Ж.Қосжанов және №80 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Биназаровтар ІІІ орынға көтерілді.
Сонымен бірге, жарысқа қатысқан командалар арасында үздік өнер көрсеткен Қармақшы аудандық №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшылары жалпы командалық есеп бойынша І орынды еншілеп, аудан мерейін тасытты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
10 шілде 2018 ж. 1 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 552
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 021

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031