» » ЖЕРЛЕСТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жақында Атырау қаласында ересектер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынған жарыс өтті.
Міне, осы жарысқа еліміздің әр аймағынан жиналған боз кілем шеберлерімен бірге біздің де жерлестеріміз қатысты7
 Тартысты  сәттерге толы болып өткен дүбірлі додада 100 келі салмақ дәрежесінде боз кілем үстінде белдесу өткізген жерлесіміз Айбек Серікбаев  жүлделі  ІІІ орынды жеңіп алды.
 Сондай-ақ, Талдықорған қаласында жастар арасында дзюдодан өткізілген ел біріншілігінде  №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Дархан Алмахановтың үкілеген шәкірттері Салтанат Сұлтанбекова 48 келіде ІІ орынды жеңіп алса, 52 келі салмақ дәрежесі бойынша белдесу өткізген Диана Тілеумұратова жүлделі ІІІ орынды иемденді.
Сонымен қатар, Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан  жастар арасында өткізілген  ҚР чемпионатында Сыр бойы құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз, №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Рашида Сарбасованың шәкірті Рахымжан Келманов  2000 метр қашықтыққа жүгіруде жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, аталмыш қалада сол мезетте Қазақстан Кубогін сарапқа салуға арналған жарыста  Рахымжан  1500 және 800 метр қашықтыққа жүгіруде де жүлделі ІІІ орындарды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
10 наурыз 2018 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930