» » Қызылордалық велоспортшылар ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

Қызылордалық велоспортшылар ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

Астана қаласында болған велоспорттан Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі және №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Қызылорда облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте 223 ұпаймен үшінші орынды алды.

Жарыс нәтижесінде 10 шақырым қашықтықта топтық жарыста Әсем Төлемісова екінші, Роберт Гайнеев 160 шақырымдық айналымның топтық жарысында екінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, скретч сайысында Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.
4 шақырым қашықтықта командалық жарыста Әсем Төлемісова, Ақтолқын Әбдіжаппар, Роберт Гайнеев, Әзен Ғабиден бірінші орынды жеңіп алса, Асылхан Тұрар күміс жүлдеге ие болды. Дәл осы қашықтықта командалық жарыста Анастасия Иванова, Жанұя Сейтова, Аружан Ғалымжанқызы үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, осы жарыстан Әсем Төлемісова мен Ақтолқын Әбдіжаппар ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 16-21 ақпан аралығында Малайзияда болатын Азия чемпионатына ерлер арасында Асылхан Тұрар, жастар арасында Әсем Төлемісова мен Ақтолқын Әбдіжаппар қатысады.
12 ақпан 2018 ж. 1 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930