» » Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қыздар тағы да 3 алтын медаль жеңіп алды

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қыздар тағы да 3 алтын медаль жеңіп алды

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қыздарымыз 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Иран Ислам Республикасының заңына сәйкес, әйелдер ерлерден бөлек жеке сайысқа түсуі қажет. Сондықтан таңертеңнен түске дейін әйелдер, одан кейін ерлер арасындағы жарыстар өтіп жатыр.
Бүгін, 2 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада қыздарымыз бапкерлер штабының сенімін ақтады. Финалда өнер көрсеткен 6 спортшының бесеуі жүлдеге ілікті. Оның ішінде үшеуі алтын.
400 метрге жүгірген Светлана Голендова (Жамбыл облысы) мен Элина Михина (ШҚО) алтын мен күмісті өзара бөлісті. 24 жастағы Голендова мәреге 53.28 секундта жетті. Элина Михина өз кезегінде 53.49 секундпен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде Шри-Ланка спортшысына бұйырды.
Ал 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Әйгерім Шыназбекова қазақ қыздары арасынан алғаш болып, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әйгерім Тегеранда аталған қашықтықты 8.32 секундта жүгірді.
Үшінші алтынға сырықпен секіруші Анастасия Ермакова ие болды.17 жастағы спортшы Тегеранда 3.70 метрге секіріп, соның арқасында чемпион атанды. Екінші орындағы Иран спортшысы 20 сантиметрге қалып қойды.
Анастасия бұған дейін 10 қаңтарда Өскеменде өткен Қазақстан кубогында 3.81 метрге секіріп, жастар арасындағы Қазақстан рекордын жаңартқан еді.
Тағы бір күміс 60 метрге жүгірген Виктория Зябкинаға бұйырды.Алматылық 25 жастағы атлет финалда 7.39 секундпен мәреге екінші келді. Бас жүлде қытай қызы Лиан Сяочжиға (7,20) бұйырды. Айтпақшы, Қытай спортшысы жабық кешендегі Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Ол рекорд бұған дейін Виктория Зябкинаға тиесілі болатын. Виктория 2016 жылы Дохада дәл осы қашықтықты 7.27 секундта жүгірген еді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары қазіргі есеп бойынша жалпы командалық есепте бірінші орында тұр.


02 ақпан 2018 ж. 2 649 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 20:18
Cialis Prix Ligne Antibacterial Resistance Amoxil cialis Brand Name Cialis For Sale Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930