» » ЕЛ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

ЕЛ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

Жуырда Ақтау қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық бозкілем шеберлерінің қатысуымен өткен дүбірлі жарысқа Сыр бойы құрама командасы сапында қармақшылықтар қатысып, елге жүлдемен оралды.
Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әділбек Серікбаев пен біліктілігі жоғары санатты жаттықтырушы Дархан Алмахановтың үкілеген шәкірттері, яғни 52 және 66 келі салмақ дәрежелері бойынша өңір намысын қорғаған қармақшылық Диана Тілеумұратова мен Арман Жалғасбекұлы өз салмақтары бойынша барлық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанса, 57 және 66 келі салмақтарда белдесу өткізген Нәбира Сыламбекова мен Жасұлан Бердібековтер жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, жарыс барысында әр салмақ бойынша үздік өнерімен танылған Сыр бойы құрама командасы жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алды. Міне, осы дүбірлі додада аймақ абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген палуандарымыз Диана Тілеумұратова мен Арман Жалғасбекұлы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындады.
Осы ретте, жерлестеріміздің осындай жетістіктерге қол жеткізуіне үлкен еңбек сіңірген майталман мамандардың бірі–аудандық спорт клуб директоры, қазақ күресінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Әділбек Серікбаевты сөзге тартқанымызда ол: – Барша әлем жұртшылығына «100 шайырдың Отаны» деген атақпен танылған киелі Қармақшы өлкесін тамаша жетістіктерімен танытып, Қармақшы топырағын «Палуандар Отаны» деген атаққа лайық етті. Ол рас. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, ауданымызда қазіргі таңда үш әлем чемпионы бар. Оның бірі Ғалымжан Әбдірахманов екі дүркін әлемдік додада жеңімпаздар тұғырының шыңына шығып, ұлт байрағын желбіретсе, түйе палуанымыз Еламан Ерғалиев республикалық «Қазақстан барысы» жарысының жеңімпазы атанып, ел мерейін өсірді, сонымен қатар бірнеше бозкілем шеберіміз Азия және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда ауданымызда 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сонымен бірге 70-тен астам палуанымыз ҚР спорт шебері атағын иеленді. Мұндай көрсеткіш біздің ауданнан басқа ешқандай өңірде жоқ деп батыл айта аламыз. Тіпті мақтанамыз да,– деді ол.
Міне, негізінен қармақшылық палуандардан құралған құрама командамыз бұл жолы да жарады.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
13 ақпан 2018 ж. 1 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031