» » ЖАС БОКСШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ

ЖАС БОКСШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ

Сәуір айының соңғы күндерінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында жасөспірімдер арасында халықаралық дәрежедегі спортшы Бағдат Әлімбеков атындағы жүлде үшін халықаралық жарыс өтті.
Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің барлық аймақтарынан өз салмақтары бойынша үздік деп танылған 28 командадан 320-дан астам жас былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен өткен дүбірлі жарысқа біздің де жерлестеріміз бақтарын сынады.
Тартысты да қызықты сәттерге толы өткен жарыс қорытындысында аудандық №15 мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Абзал Бөрібаевтың шәкірттері, атап айтқанда 36 келіде №26 орта мектептің оқушысы Бейбарыс Ефенов І орынды жеңіп алса, шаршы алаңда өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз, яғни 52 келіде №27 орта мектептің оқушысы Шерхан Жеткеров жүлделі ІІ орынды иемденді. Сонымен қатар, 38, 42 және 48 келі салмақ дәрежелері бойынша аймақ намысын қорғаған Айдын Наурызбекұлы (№27 мектеп), Мирас Қорғанбек ( №250 мектеп-лицей) және Әділхан Қаржаубаев (№121мектеп) жарыс қорытындысымен өз салмақтары бойынша ІІІ орынға көтерілді.
Сондай-ақ, жуырда ғарышкерлер астанасы Байқоңырда жасөспірімдер арасында бокстан өткен қалалық ашық біріншілікте аудан намысын қорғаған №15 мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Абзал Бөрібаевтың шәкірттері 38 және 40 келіде Диас Пірманбаев в пен Бейбарыс Ефенов жарыс жеңімпазы атанса, Ерасыл Әбдірахманов, Мақсат Қуанышбек, Нұрперзент Назымбетов, Ілияс Төлеген, Серік Бердібеков, сондай-ақ, Еркебұлан Тұрсынбеков, Ержігіт Нұғманов және Шерхан Жеткеровтер өз салмақтары бойынша жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иемденді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

28 сәуір 2018 ж. 2 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930