БОЗ КІЛЕМДЕ АТОЙЛАДЫ САҢЛАҚТАР

Сонымен қатар, Павлодар қаласында 2003-2004 жылдары туғанжасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен ҚР чемпионатында аймақ құрамасыныңмүшесі, 60 келіде белдескен Дінмұхаммед Алтай жүлделі ІІІ орынды иемденсе, Ақтауқаласында жасөспірімдер арасында Ақтау қаласының кубогын сарапқа салуға арналғанхалықаралық жарыста аудандық №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылғанбалалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары Бақберген Тәтімбетов пен Қайрат Үсеновтың шәкірттері,атап айтқанда 42, 66 және 73 келі салмақтарда сәтті белдесіп, барлық қарсыластарын жеңген Бексұлтан Амангелдиев, Әзір Әбдірахманов жәнеҚадіржан Байсеріковтер жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен бірге, 60 келі салмақта өнеркөрсеткен Дінмұхаммед Алтай жүлделі ІІ орынды, 55 келіде Абдуләзиз Тұраш ІІІорынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.
НұрбайӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».