» » ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

   Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында 2004-20005 жылдары туған жасөспірім былғары қолғап шеберлері арасында бокстан  Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатына іріктеу, яғни Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысы шаршы алаң иелерінің қатысуымен аймақтық жарыс өтті.
Оған аталған аймақтарда өз салмақтары бойынша үздік деп танылған 200-ге жуық спортшы қатысты.
Тартысты да қызықты сәттерге толы болып өткен жарыстың нәтижесінде Сыр бойы құрама командасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, елге абыроймен оралды. Оның ішінде, жерлесіміз, №15 мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Жандос Топаевтың шәкірті, №26 орта мектептің оқушысы Асылхан Аманжолов өз салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, жерлесіміз осы жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен марапатталды.
Енді, Асылхан  ағымдағы жылдың мамыр айында Жаңақорған кентінде өтетін ҚР-сы чемпионатына қатысады.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
12 сәуір 2018 ж. 1 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 081
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 671

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031