» » «ТІЛ ШЕБЕРІ - 2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ТІЛ ШЕБЕРІ - 2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

 Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №5 мектеп-лицей базасында мұғалімдердің рухани басымдылығы мен көркемөнерін дамыту, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мұғалімдерді анықтап, қолдау көрсету, үштілділікті насихаттау, мұғалімдердің тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «ТІЛ ШЕБЕРІ - 2018» қалалық байқауы өтті.
Байқауда «Edustream» Халықаралық баспасының Қызылорда облысындағы әдіскері Садирбаева Дина, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасымова Жамиля және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі – Камалатдин Айзат қазылық етті.
Пән мұғалімдері ІV кезеңнен құралған байқауда бақ сынасып, тәжірибе алмасты.
Нәтижесінде дәрежелі І орын – «Мұрагер» мектебінің мұғалімі Баймағанбетова Балдырған, ІІ орын – №15 мектеп-лицей мұғалімі Тыныштықбаева Баян, №235 орта мектеп мұғалімі Умирзакова Айнур, ІІІ орын – №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Уршеева Айкуркем, №222 Мырзабекова Айгерім, №257 орта мектеп мұғалімі Кадирова Молдiр, №271 орта мектеп мұғалімі Палванова Динара иеленді.
Сондай-ақ, байқауға белсене қатысқан мұғалімдер «Алғыс» хаттармен марапатталды.
02 наурыз 2018 ж. 1 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031