» » ЖЕРЛЕСТЕР МЕРЕЙІ

ЖЕРЛЕСТЕР МЕРЕЙІ

Жуырда Алматы қаласында 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жас былғары қолғап шеберлері арасында КСРО спорт шебері Құлмұхамбет Құлжабаевты еске алуға арналған ХХІІ дәстүрлі республикалық
жарыс өтті.
Оған еліміздің барлық аймағынан қатысқан 200-ден астам балғын былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда өз салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасты.
Айтулы жарысқа Қармақшы аудандық №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Абзал Бөрібаевтың үкілеген шәкірттері де қатысып, жарыс қорытындысымен 54 келі салмақ бойынша шаршы алаңда үздік өнер көрсеткен №27 орта мектептің шәкірті Шерхан Жеткеров жеңімпаз атанса, 40 және 42 келіде жұдырықтасқан №27 орта мектеп пен спорт интернаттың шәкірттері Айдын Наурызбекұлы мен Диас Пірманбаевтар өз салмақтарында жүлделі ІІІ орынға көтерілді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының бас қаласы Өскеменде тірек қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өткен кезекті Қазақстан чемпионатында Сыр бойы құрамасы сапында бір топ қармақшылық спортшылар өнер көрсеткен болатын.
Міне, еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар 4 күнге созылған дүбірлі додада өзара бақ сынасып, нәтижесінде 400 метрге, 800 метрге және 1500 метрге жүруде спорт майталманы Мұрат Кетебаевтың шәкірттері, әлем жеңімпазы Мақшат Мейіржан жеңімпаз атанып, бұл қашықтықтарда еліміз бойынша өзімен тіресер спортшы жоқ екенін тағы бір дәлелдесе, ару спортшымыз Әсел Қозыбағарова найза және ядро лақтыру жарысында І орынды, ал диск лақтыруда жүлделі ІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, тағы бір желаяқ жерлесіміз Бағдат Елібаев 200, 400 және 100 метр қашықтыққа жүгіруде жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, ел мерейін асқақтатты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
20 тамыз 2018 ж. 1 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930