» » ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА СПОРТТЫҢ АЛАР ОРНЫ АЙРЫҚША. ӘСІРЕСЕ, ОСЫ РЕТТЕ АУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ СПОРТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ.
Мамырдың 11-15 жұлдызы аралығында Сырдария ауданына қарасты Нағи Илиясов атындағы ауылда «Coca Cola былғары доп» облыстық іріктеу жарысы өтті. Оған 2004-2005 жылы туған жасөспірім ұлдар қатысып, аудан намысын қорғаған еді. Доп додасында Қармақшы ауданының құрамасы ІІІ орынды иеленіп, аудан қоржынына жүлде салды. Сондай-ақ, аталған турнирде команда ойыншысы Бексұлтан Әзілханов «Үздік ойыншы» номинациясын қанжығасына байлады.
Тағы бір ақжолтай жаңалық. Қостанайда ауыр атлетикадан өткен 2005 және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жаттықтырушы Айдар Ералиевтің шәкірттері биіктен көрінді. Шәкірті Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің оқушысы Бабыр Қожантай 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көр­сетіп, қоссайыста 195 ке­ліні бағындырды. Жарыс қоры­тындысында жерлесіміз І орынды жеңіп алса, 55 келіде бақ сынаған Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушысы Ерасыл Сәулебеков қоссайыста 191 келіні көтеріп, ел біріншілігінің ІІ орын иегері атанды.
Бәрекелді, бауырлар!
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
20 мамыр 2019 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031