» » Қытай тұрғыны қаланы бір сағатта көк түтіннен тазартатын желпуіш ойлап тапты 

Қытай тұрғыны қаланы бір сағатта көк түтіннен тазартатын желпуіш ойлап тапты 

БҰҰ-ның дүниежүзілік зияткерлік меншік мекемесі өз жұмысының қорытындысын жария етті.
Бұл ұйымға жылына 3 миллионнан астам адам патент тіркеуге өтініш береді. Өнертабысының меншікті құқық иесі атанғысы келетіндердің 98 пайызы – Қытай азаматтары. Мәселен, осы елдің Ду Хунлай есімді тұрғыны қаланы бір сағатта көк түтіннен тазартатын желпуіш ойлап тапқан сияқты. Үлкен мегаполистердің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған «тиімді және арзан» тәсіл енді мемлекеттік сараптамадан өткізілмек.
Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov:
- Қытай азаматы Ду Хунлайдың өнертабысы бір қарағанда технологиялық жетістіктен гөрі қиял мен қалжыңға көбірек ұқсайды. «Wind-generation campaign» деп аталатын жобаның қағидасы мынадай. Мегаполистің 15 млн тұрғыны бір сәтте үлкен желпуіштермен ауаны бір бағытқа желпуі тиіс. Осыдан соң Ду Хунлайдың есебі бойынша қала бір сағаттың ішінде лас түтіннен тазарады-мыс.
Өнертабыс иесінің айтуынша, акцияға қатысушыларды мұндай желпуіштермен қала билігі немесе қоғамдық ұйымдар қамтамасыз етуі тиіс. Ал бұл шараға халықты жаппай жұмылдыру үшін телеарна, радио мен sms хабарландыруды пайдалануға болады. Жаңа әдіс Қытайдың зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік ведомствосының тексеруінен өтті. Енді құзырлы органдар оған сараптама жасап, өнертабысты тиімді деп таныса, Ду Хунлай патентке ие болмақ. Дегенмен қытайлықтар бұл идеяға сенімсіздікпен қарайды.
Ляо Суэлань, Бейжің қаласының тұрғыны:
- Желпуіштермен ауаны тазалау деген мен үшін ақылға сиымсыз. Әрине, желпуіштерді сататын кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық сияқты. Бірақ оны жүзеге асыру қаншалықты мүмкін? Бір нәрсені істеп көрмесек, білмейміз ғой.
Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov:
- Қазір көптеген басылымға сұхбат беріп жүрген Ду Хунлай өзінің нақты қандай кәсіппен айналысатынын жария етпей отыр. Шетелде тұратын Қытай азаматы бұл жобаны жасауға 8 жыл уақыт жұмсапты. Осыған дейін ол тағы 5 өнертабысын заңдастырмақ болған. Оның бірі масадан қорғайтын тәсіл және шомылуға арналған мұрын қысқыш. Дегенмен бұл өнертабыстары әлі мақұлданбаған.


Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй
29 желтоқсан 2017 ж. 1 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031