» » ЭКСПО-ның жалғасы – елге әкелген олжасы

ЭКСПО-ның жалғасы – елге әкелген олжасы

Елдің жыры – ЭКСПО! Өйткені шараның өзегі болған жаңғырмалы энергия – қазіргі ғылым мен техниканың ең озық үлгісі. Үш ай жазда елорданы әлемге танытқан, дүрілдеткен, думандатқан, тың идеялар мен «ақылды» технологияларды әйгілеген халықаралық жиын Қазақстанға орасан зор жетістік әкелді. Оның ең бастысы – көрмені өткізу мәртебесін жеңіп алғанымыз. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Көрме біткеннен кейін ғимараттардың барлығы бекер қалмайды. Біздің павильонымыз музейге айналады. Екі павильонда қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады», деді Елбасы. президент сөзіне қарағанда, бір павильонда ІТ-стартаптар паркі ашылып, жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашуға барлық мүмкіндік жасалады. Тағы бір павильонда мектеп оқушыларын білімге, мамандыққа баулитын орталық болмақ. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бір жетістік. 
Дүние жүзіне тараған жүз миллион фото
Әу баста Астанадағы көрме­ге 2 миллион адам келеді деп бол­жанған, алайда бұл көрсеткіш 4 миллионға жетіп жығылды. 
Ұй­­ым­­дастырушылар кешен ау­ма­ғы­на кіріп-шыққан қонақ­тар саны 25 миллионнан ас­қанын мә­лім­деді. Қалашық құры­лы­сына 
1 400 қазақстандық компа­ния қа­ты­сып, материалда­рын ұсын­ған, жұ­мыстарына қатыс­қан. Олар 640 млрд теңгенің қара­жатын иге­рді. Қонақ үйлердің, мейрам­ха­на­лардың, дүкендер мен концерт зал­дарының барлығы толды. Бұл ас­таналық бизнесті ілгерілетіп, қала қазынасына қаражат әкелді. Ал көрме көрермендерінің арасын­да еліміздің түкпір-түкпірінен, әлем­нің 185 мемлекетінен адамдар болды. 
«Туристік сектор жандана түс­ті. Туроператорлардың қыз­ме­тіне деген сұраныс 1,8 есе арт­ты. Астанада кәсіпкерлік субъек­тіле­рдің саны 10 пайыздан астамға кө­бей­ді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астана­сы бүкіл әлемнің назарын өзіне ау­дарды», деген болатын Елбасы. Иә, көрме өткен 3 айда 33 мың әртіс Астанада өнер көрсетіп, 4,5 мың ерікті еңбек етті. Қонақтар 100 млн фотосурет түсірді, көрме аумағында табысқан 88 жұп отбасын құрап, жаңа өмір бастаған. 
Табысты технологиялар таңдап алынды
Енді ЭКСПО-ның елге берген, беретін пайдаларын тарқатып көрсек. Қазақстан көрме павильондарына қойылған 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеп алған. Оның 27-сі мұнай мен газға, 7-еуі көмір өнеркәсібіне, 63-і электр энергетикасы мен энергияны үнемдеуге, 36-сы экология салаларына тиесілі екен. Энергетика министрі Қанат Бозым­баевтың айтуынша, қазіргі таңда әкімдіктер заманауи технологияларды енгізу мақсатында 40 жобаға қызығушылық танытқан. Оның төр­­­теуін келесі жылы игілікке жа­­­­­ра­тып үлгермек. Ал ұлттық ком­­­­паниялар таңдап алған 15 тех­но­­­­логияның екеуі ендігі жылы қол­­­ға алынады. «Мұнай мен газ са­­ласында Ресей, АҚШ, Қытай жә­­не Финляндиядан 7 технология анықталды. Оның ішінде облыс әкімдіктері 3 технологияны, ком­паниялар 4 технологияны таң­дады», деді министр. 
Электр энергетикасы ба­ғы­тын­да 35 технология анық­тал­са, әкімдіктер оның 26-сына көз тік­кен. Ал «Қазатомөнеркәсіп», «ЕмбіМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» жә­не КЕГОК компаниялары 9 жо­­баны жүзеге асыруға ниетті. Кө­­мір өндіру бағытында Солтүстік Қазақ­стан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» компаниясы бір-бір технология таңдады. Эко­ло­гия бағытында әкімдіктер 10 жобаны енгізуді жоспарлауда.
Энергетика вице-министрі Мағ­зұм Мырзағалиевтің айтуын­ша, жа­ңа жобалардың артық­шы­лық­та­ры көп. Мәселен, гер­ма­ниялық бір технология электр энергиясын алысқа тасымалдағанда қуат көздерінің біраз бөлігін үнемдеуге мүм­кіндік береді. «Қазақстанның энер­гетикалық жүйесіне ондай технология ауадай қажет. Себебі тер­риториямыз кең. Бұдан бөлек  не­міс павильонында геотермалды технология таныстырылған болатын. Оның көмегімен жерасты су­лары мен топырақтан энергия алу­ға болады. Зерттеулерге сәй­кес, елімізде осы санаттағы энер­гия қоры баршылық», деген ол ірік­телген жобалар ішіндегі бела­ру­сь­тік «Турбосфера» жайында да баян­дады. Оның арқасында мұ­­най-газ кендерінде газдың қы­сы­мын барын­ша азайтып, энергия өн­діруге болады. 
«Ағын суларды тазартуға ар­нал­ған фин теxнологиясы нег­і­зінде суды тазартып қана қоймай, тү­­біндегі лайды тыңайтқыш ре­тін­­де қолдануға болады. Қазір ол жан-жақты зерделенуде. Фин­лян­дия­ның тағы бір технологиясын «Қазгидромет» сынақтан өткізуге кі­рісті. «Көгілдір көмір» атты поляк теxнологиясы қоршаған ортаға шы­ға­рылатын зиянды қалдықтарды 80 пай­­ызға төмендетеді. Көмірдің қыз­уын да тиімді пайдалануға мүм­­кіндік береді. Бізге мұндай жо­­ба аса қажет», дейді М. Мыр­­зағалиев. 
Еуропа есігінен еркін енеміз
ЭКСПО-ның тағы бір пайдасы – Еуропа елдері Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңіл­детпек. Сыртқы істер ми­ни­стрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиевтің мәліметінше, қазіргі таңда осы бағытта келіссөздер жүр­гізілуде. «Бұл – өте ауыр жұ­мыс. Осы орайда қол жеткізген же­тіс­тіктеріміз де жоқ емес. Биыл қыр­кү­йек айында Брюссельде Еуропа одағ­ының визалық саясат жөніндегі жұ­мыс тобы отырыс өткізген еді. Сол жерде топ мүшелері Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдетуді қолдады. Келіссөздер кезінде Еуропа комис­сия­сының ішкі істер және көші-қон директоратының басшысы Марта Сиган аталған шешімге Астанадағы ЭКСПО көрмесінің сәтті өтуі де оң әсерін тигізгенін жет­кізді. Себебі көрмеге Еуропа ел­дері де қатысты», деді ол. 
Содан бері Еуропа елдері виза­лық режімді жеңілдету бағы­тын­да тікелей келіссөздер бойын­ша ман­дат қалыптастыруға кірісті. Бірінші кезекте Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын алуға қажетті құжаттар саны қысқарып, өтініштерді кері қайтару көрсеткіші төмендемек. Консулдық алымның көлемін азайту мәселесі де қаралу үстінде. 
P.S. Жақында «Астана-ЭКСПО-2017» туристік аймағы ашылып, елорда тұрғындары мен қонақтарына қызмет ете бастады. Онда «Нұр Әлем» павильоны, тақырыптық павильондар, үздік тәжірибе аймағы және АРТ-орталық келушілерге көрме жәдігерлерін таныстырады. Сонымен қатар еліміздің жаңажылдық бас шыршасы да, ең үлкен мұз айдыны да осы жерде. Яғни ЭКСПО-ның пайдасы әл-әзір түгесілмейді, жалғаса береді, жалғаса береді...
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

28 желтоқсан 2017 ж. 1 427 2

JeaCold от 7 наурыз 2019 06:28
Cialis 20 Mg Reviews cialis 5 mg 125mg How To Buy Clobetasol Eczema Cialis Spedizione Contrassegno

GeraldGom от 15 желтоқсан 2022 05:13
темы на нокиа с5 видео быстрый займ вебмани правда о вселенной видео

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930