» » ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Сыр елінің ғалымдары белсендірілген көмір алудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл – Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары ашқан тың жаңалық. Олар күріш қауызын белсендірілген көмірге айналдырған. Қазір бұл жоба ғылым комитетінің қарауына ұсынылған. Сабақты ине сәтімен жүріп, жоба өндіріске енгізілсе, одан келер экономикалық та, экологиялық та пайда көп болмақшы, дейді мамандар.
Соңғы бес жылдан бері Қызылорда облысы күріштен мол өнім алып, рекорд жаңартып келеді. Мәселен, биыл 500 мың тоннадан астам Сыр са­лысы жи­налды. Осы күрішті зауыт­тарда ақта­ғаннан кейін 100 мың тоннадай кебек бөлінеді екен. Оған егін алқап­та­рында қалатын сабанды қосыңыз. «Осындай өте көп мөлшердегі ауыл шаруа­шылығы қалдықтарын белсен­дірілген көмірге айналдырса, екі жаққа да пайдалы» дейді инженерлік бейіндегі зертхана инженері Рахметулла Жаппар­бергенов.
– Өндірісте бір затты алу үшін ката­лизатор ретінде металдардың құйма­ларын пайдаланады. Ол көп шығынды қажет етеді. Біз зертханадағы күріш қауы­зынан алынған белсендірілген кө­мірге ауыспалы металдардың нано­бөл­шектерін көмір пораларына отырғызып, оны катализатор ретінде пайдаланып жатыр­мыз, – дейді ғалым.
Жалпы, белсендірілген көмір метал­лургия, химия өнеркәсібі және меди­цинада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ газдан қорғануға арналған тыныс
алу құрылғылары мен респиратор жасай­тыны белгілі.
Қазіргі таңда ғалымдардың жаңа жобасы ғылым комитетіне ұсынылып, болашақта қаржылай қолдау жасалатын болса, зерттеу аясын кеңейтіп, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.
– Металдарды кеннен бөліп алу үшін әдетте көмір кокс пайдаланылады. Олар көмірден және мұнай қалдықтары­нан алынады. Біз енді осы бағытта да зерттеу жұмыстарымызды бастау ойы­мызда бар. Жұмыстар жүргізілуде. Ары қарай да үлкен нәтижелерге жетуді көздейміз, – деді зертхана жетекшісі Нұрбол Аппазов.
Әдетте, белсендірілген көмір алу үшін түрлі орман ағашы пайдаланы­лады. Оның орнына күріш қауызы мен сабанын қолданар болса, қоршаған ортаға да қоғамға да пайдасы орасан болары анық.
Нұрәли САҒАТ
26 желтоқсан 2017 ж. 1 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930