» » Ертең – Тұңғыш Президент күні

Ертең – Тұңғыш Президент күні

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Аудан өнерпаздарының «Алаштың бағына біткен Елбасы» атты видео прологымен басталды.
Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі М.Қалдарбеков «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына айналды.
Қазақ елі бүгінгі күні «Мәңгілік ел» деп қадам басқан қуатты ұлтқа айналуында, жаңа заманда бәсекеге қабілетті ел болып танылуында Елбасымыз Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарған өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде саяси-экономикалық және әлеуметтік салалары серпінді даму жолына түсті» – деп атап өтіп, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы салтанатты шара барысында ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала үздіктерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік салтанатты шара аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 қараша 2019 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 504
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930