» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫ МАҚАШОВТЫҢ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫ МАҚАШОВТЫҢ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ



Құрметті Қармақшылықтар!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.
Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді.
Қасиетті Қармақшы жерінде тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік – экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болып келеміз.
Елбасының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.
Қадірменді ағайын!
Біз бүгінгі таңда мызғымас мемлекет пен айбары асқан қуатты ұлтқа, «Мәңгілік ел» деп қадам басқан табысты елге айналдық.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып танылды.
Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім, сыртқы саясатта – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды.
Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, әрбір отбасына бақ-береке және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.





01 желтоқсан 2018 ж. 2 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031