» » Аудан әкімі Конституция күнімен құттықтады

Аудан әкімі Конституция күнімен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз -Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.
Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту - мұның бәрі берік Конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған.
Осынау мерейлі мерекелер қарсаңында Сыр бойының киелі топырағында, Қасиетті Қармақшы жерінде тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік – экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болып келеміз.
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жекебасы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов
30 тамыз 2018 ж. 4 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930