» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды айтулы мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бірі – бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Құрбан айт кезінде ата – бабаларымыз жетім – жесірді жебеу, мұқтажға қол үшін беру сияқты игі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі әрекеттер көрініс тапқан. Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Дін тірегі - имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде.
Бірлігі жарасқан ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық ниеттегі келісім арқасында қазақ жерінде 140 этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр.
Ауданымыздың мұсылман қауымы осында мекендейтін өзге дін өкілдерімен өзара бірлігін мақтан етуге болады.
Конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан мен тән тазалығын ғана уағыздайтын ислам дінінің ұлтаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесі зор.
Қадірменді бауырлар!
Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов
21 тамыз 2018 ж. 3 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031