» » » ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНҒАН МАЛМЕН СЕЛФИГЕ ТҮСУГЕ БОЛА МА?

ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНҒАН МАЛМЕН СЕЛФИГЕ ТҮСУГЕ БОЛА МА?

Құрбандыққа шалынған малдың қасында суретке түсу – шариғатқа қайшы амал деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Айта кетсек, 21 тамызда бауырмалдыққа, татулыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа шақыратын Құрбан айт мейрамы басталады.
"Астанада Құрбан айт намазы таңғы сағат 07:00-де оқылады деген шешім қабылданды. Айта кетерлігі, шариғатымызда күн найза бойы көтерілгеннен ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, сапарға шықпаған әрбір мұсылман баласына айт намазын оқу міндетті амалдардың бірі саналады.
Ал 20 тамыз – Арапа күні. Намаз уақытылы басталатындықтан ертерек қам жасаған абзал", - дейді "Нұр Астана" мешітінің бас имамы, Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов.
Мереке күндері әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбан шалып, Алла алдындағы міндетін өтейді.
"Осы тұста бір айта кететін нәрсе, қазір "селфи" деген шықты. Ол шариғатқа кішкене қайшы. Құрбан шалып жатқанын немесе шалынған малдың басын ұстап суретке түсу – бұл шариғатқа қайшы амал, мұндай әрекетке мұсылман баласы бармауы қажет.
Жастар сойылып жатқан малдың жанына барып, ағып жатқан қанды суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып, әдепсіздік танытып жүргенін жылда көріп жүрміз. Бұл – дұрыс емес. Себебі, құрбан шалу – бұл Аллаға жақындау. Пенденің құрбан шалғанын бәріне жариялап, жар салып, суретке түсуі амалын әшкерелеп қойғанмен бірдей болады", — деп түйіндеді имам.
19 тамыз 2018 ж. 2 029 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930