» » Діни жоралғыға сеніп, 140 жас баланың жүрегін суырып алған

Діни жоралғыға сеніп, 140 жас баланың жүрегін суырып алған

Перудің Трухильо қаласында археологтар 140 кішкентай бала мен 200 жануардың жерленген қорымды тапты. Оларды діни нанымға байланысты құдай үшін құрбандыққа шалған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.Перудегі қазбу жұмыстарын Тулейнск университетенің халықаралық ғалымдар тобы жүргізіп жатыр. Жақында археологтар 8-12 жас аралығындағы көптеген баланың құрбандыққа шалынған орнын анықтаған.Ғалымдардың байқағаны, жерленген балалардың көпшілігінде көкірек тұсы мен жануарлардың ішкі құрылысы ақтарылған екен. Соған қарағанда, діни жоралғы кезінде олардың жүрегі суырылып алынған деген болжам бар. Осы қорымға жақын жерде құрбандыққа шалынған ересек адамдардың да жерленген жері табылған.
Зерттеушілердің пікірінше, адамдарды жаппай құрбандыққа шалу рәсімдері осыдан шамамаен 550 жыл бұрын, жерді тасқын су басу кезінде болған деп отыр. Тұрғындар осындай әрекетімен құдайдың қаһарын басқысы келген болуы мүмкін.
NUR.KZ.
01 мамыр 2018 ж. 1 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031