» » Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады
"Құрметті отандастар! 
Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт - исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.
Сондай-ақ, ол - діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.
Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.
Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.
Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!
Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!", - делінген Президент құттықтауында. 
21 тамыз 2018 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9824)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9823)

13 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9822)

09 қыркүйек 2019 ж.

Хабарландыру

Қорқыт және Ұлы дала сазы

Қорқыт және Ұлы дала сазы

17 қыркүйек 2019 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

19 тамыз 2019 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30